Жаңалықтар

Мұрағат
02.05.2013

Құрметті оралдықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі кездегі көпұлтты Қазақстан әлемдік мемлекеттер достастығының мүшесі болып қана қоймай, ұлттық келісім, азаматтық шоғырланудың бірегей тәжірибесі бар ел болып табылады. Осы айшықты мереке біздің еліміз үшін де өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Көпұлтты республикамызды мекен еткен халықтардың ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп, әр салада жоғары жетістіктер мен табыстарға қол жеткізіп отырғаны қоғамымызда өркен жайған ұлттық бірлік пен саяси тұрақтылықтың нәтижесі. Бұл ұстанымдардың дамуына біздің қалалықтар да өз үлестерін қосуда. Еуропа мен Азияның қиылысқан жерінде орналасқан Орал қаласы өзара түсінушілік, достық пен туыстықты нығайтудың үлгісі болып табылады. Бұған дәлел – Орал шаһарындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің бірге бейбіт өмір сүруі.