Мәслихат аппаратының басшысы
Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы
1. Мәслихат шешімдерінің орындалуын, мәслихаттың сессиясында ақпаратты дайындау және депутаттарға көмект көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
2. Қалалық әкімдікпен және қаланың өзге де ұйымдары және кәсіпорындарымен өзара байланысты жүзеге асырады;
3. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және оқытуды ұйымдастырады;
4. Еңбек тәртібін сақтау, еңбекті қорғаудың және техника қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын сақтауға бақылау жасайды;
5. Мәслихат аппараты қызмекерлерінің қызметін үйлестіреді, оларды тағайындау, босату, сыйақы беру, еңбек демалысын ұсыну және т.б.қамтамасыз етеді, жеке істерді қалыптастырады;
6. Мәслихат аппаратының қалалық әкімдікпен және оның бөлімдерімен, қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындармен, ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен байланысын ұйымдастырады;
7. Мәслихаттың мүлігіне материалдық жауапкершілік алады;
8. Депутаттардың жұмысына өз округтеріндегі сайлаушылармен (бекітілген депутаттар бойынша) кездесулерді, жиналыстарды ұйымдастыру бойынша депутаттардың жұмысына қолдау көрсетеді;
9. Мәслихат хатшысының тікелей түсірген тапсырмаларын уақытылы орындау.
Аппарат басшысы:
- функционалдық міндеттерді бұлжытпай сақтауға,
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің орындалуын қамтамасыз ету;
- еңбек тәртібінің тиісті атқарылуын қмтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, облыс пен қаланың шешімдерін, өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, олардың атқарылуын тексеруді жүзеге асыруға жауапты.