Жаңалықтар

Мұрағат
25.07.2013

«Сапасыз дәрінің фармацевтикалық күші де аз»

Соңғы жылдары мемлекеттің денсаулық сақтау саласына жұмсаған шығыны үш есе артты. Адамдарға дәрігер мен емхананы таңдауға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілді. Халықтың аз қамтылған бөлігіне тегін және жеңілдігі бар дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Дәрілер дистрибуциясының бірыңғай жүйесі құрылды. Алшақтау өңірлерде медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілді, еліміз бойынша екі «Денсаулық» медициналық поезы жұмыс істейді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы саланы тиімді етеді, бастысы қазақстандықтардың денсаулығын жақсартады. Осы орайда тәжірибелі медицина қызметкері, Орал қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы партиялық бақылау комитетінің төрағасы, «Мақсат» медициналық колледжінің директоры Мақсот Бергенді әңгімеге тартқан едік.