Абат АбайұлыШыныбеков№6 сайлау округі бойыншақалалық мәслихат депутаты |
Абат Абайұлы Шыныбеков Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы 1973 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1990 жылы М.Мерәліұлы атындағы Қаратөбе орта мектебін жақсы аяқтаған Абат Шыныбеков Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің студенті атанды. Еңбек жолын туған өлкесі Қаратөбе ауданының Егіндікөл ұжымдық кәсіпорнының инженер-механигі болып бастады. Қаратөбе ауданы әкімшілігінің саяси-әлеуметтік жұмыстар бөліміне референттікке шақырылды. Жас маман 1996-2000 жылдары аудан әкімі аппаратында жалпы бөлім, ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімі меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. 2000-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы, 2003 жылы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы ҚР Білім министрлігінің «Біліктілікті растау және тағайындау орталығы» республикалық мекемесі облыстық филиалының директоры, 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, қала әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. А.Шыныбеков 2008 -20012 жылдары «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары болып сайланды. 2012 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін Орал қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Азаматтарды қабылдау орны:
Достық-Дружба даңғ.,182/1, 3 қабат, 49 каб.
Орал қалалық мәслихаты
Сейсенбі сағ. 15.00 -17.00.
тел: 51-04-44