30.05.2013
Білім ұяларына белсенді инспекторлар қажет

Өткен бейсенбіде қалалық мәслихат депутаты Амангелді Ермекқалиев төрағалық ететін қалалық мәслихаттың нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі комиссия мүшелері қала мектептерінде құқық тәртібін сақтау және балалардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық білім бөліміне қарасты кешкі (ауысымды)  және №9 орта мектептерде көшпелі отырыс өткізді. Комиссия отырысына қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Серік Сафиуллин қатысты.