Мәслихат тарихы

Қазақстанда жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

Мәслихаттар өз қызметінде:

  • жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
  • ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
  • қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
  • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Орал қалалық мәслихатының тарихынан.

1 шақырылымның Орал қалалық мәслихаты (1994-1999 жж.)

1993 жылғы 10 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдады, бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізді. Өкілетті органдар-мәслихат, ал жергілікті атқарушы органдар- әкімнің басшылығымен жергілікті әкімшілік деп аталды. Мәслихат пен әкімшілік «мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары» деген ортақ атаумен бірікті.
ҚР негізгі Заңы Конституциямен жергілікті мемлекеттік басқарудың негіздері белгіленді, оған олардың әлеуметтік рөлі мен қызметін ашатын жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жатқызылады. Негізгі заңның жаңа тармағы жергілікті өкілетті органдардың атауы мен олардың өкілеттіктерінің мерзімін (бес жылдың орнына олар 4 жылға сайланады) өзгерту арқылы олардың мәртебесін реттейтін арнайы заң қабылдауға алғышарт жасады.
1994 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті органы- бірінші шақырылым депутаттарының мәслихат-жиналыстарына (1994-1999 жж.) сайлау өткізілді. Бірінші шақырылым депутаттарының қалалық мәслихат-жиналысының бірінші сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы П.Камышев ашты, ол Орал қалалық депутаттарының мәслихат-жиналысы депутаттарын сайлау  қорытындысы туралы баяндады. Орал қаласындағы сайлауға тізімге енгізілген сайлаушылардың 62% қатысты. Депутаттыққа ұсынылған 76 кандидаттың  ішінен көпшілік дауыспен Орал қаласында 21 сайлау округі құрылды, қалалық мәслихат-жиналыстары депутаттарымен тиісті депутаттар саны сайланды.
Сайланған депутаттардың ішінде –ер адам-18, әйел адам-3, ұлты бойынша 14,3%-қазақтар, 76,2%-орыстар, 9,5%-украиндар. 71,4% жоғары білімді, 29,6%-орта арнайы білімді. Депутаттардың ішінде тарих ғылымдарының докторы-Т.З. Рысбеков, А.Б. Нұғманов-ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, С.В.Олейников- техника ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ депутаттар арасында дәрігерлер, мұғалімдер, экономистер, инженерлер болды. Қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған депутаттар сайланды: Қазақстанның социалистік партиясынан -1, «Приуралье» қозғалысынан-8, «Жайық» қоғамдық қорынан-1, қалғандары өзін-өзі ұсынғандар.
Бірінші шақырылым депутаттарының қалалық мәслихат-жиналысының бірінші сессиясы 1994 жылғы 28 наурызда оздырылды, сессия депутаттардың қалалық мәслихат-жиналысының хатшысы етіп депутат Павел Кочетковты сайлады.
Бірінші шақырылым мәслихат-жиналысының бюджет комиссиясының бірінші төрағасы болып Вениамин Иванович Козлов сайланған, содан кейін оны шын мәнінде көп жыл бойы басқарған Борис Сидорович Чебаков ауыстырды, тексеру комиссиясының бірінші төрағасы болып Виктор Васильевич Землянушнов сайланды. Осы сессияда 6 тұрақты комиссия құрылды: мандат, экономика, бюджет және қаржы жөніндегі, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі, азаматтардың азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі, ұлтаралық қатынастар жөніндегі, тілдер, мәдениет, жастар ісі жөніндегі, тексеру комиссиясы. 1 шақырылым кезінде 42 сессия шақырылған, оның 6-кезектен тыс.
Сол кездегі депутаттардың айтуынша, бірінші шақырылым уақыты өте қиын әрі қызықты кезең болған, қызу тартыстар орын алған, елімізде ауыспалы кезең жалғасып, қоғамды демократиялық тұрғыдан құру жолы өте күрделі өткен.

ІІ шақырылымның Орал қалалық мәслихаты (1999-2003 жж.).

1999 жылғы 10 және 26 қазанда өткізілген 2 шақырылымның Орал қалалық мәслихатына депутаттарды сайлаудың қорытындысын 2шақырылымның 1 сессиясында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Д. Разов жария етті. Сессия 1999 жылғы 11 қарашада өтті.
Қалалық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша хаттамаларын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3 бабына сәйкес қаланың барлық 20 округінде сайлау заңмен белгіленген  мерзімде өткенін атап өтті.
Округтік комиссиямен тіркелген 86 кандидаттың ішінен мәслихат депутаты болып 20 адам сайланды. 2 шақырылымның Орал қалалық мәслихатының сайланған депутаттарының ішінен 11- ер адам, 9-әйел адам, жас шамасымен 30 жасқа дейін-1 депутат, 45 жасқа дейін-4 депутат, 45 жастан астам- 15. Ұлттық құрам бойынша: қазақтар-4, орыс-15, украин-1, білімі жағынан: жоғары білімді-15, орта арнайы білімі бар-5, орта білімді-2. Педагог-8, 1 дәрігер, 3 инженер және тағы басқа мамандықтар. Депутаттар «Отан» партиясынан-1, Азаматтық партиядан-6, Коммунистік партиядан-3, «Орал өңірі әйелдерінің Одағы» қоғамдық бірлестігінен-2, «Поколение» қоғамдық қозғалысынан-2. Өткен шақырылымнан 7 адам қайта сайланды.
Сессия депутаттар қатарынан өзінің хатшысын сайлады, Павел Кочетков қайтадан хатшы болып сайланды. Сондай-ақ  сессияда Орал қалалық мәслихаты жұмысының уақытша регламенті қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңына сәйкес бірінші сессияда Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды: экономика, бюджет және қаржы жөніндегі, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, көлік және байланыс жөніндегі, әлеуметтік мәселелер, мандат жөніндегі, комиссия құрамы мен олардың төрағалары белгіленді. 2 шақырылым кезінде 42 сессия шақырылған. 
Экономикалық жағдайдың жақсаруымен 90-шы жылдардың аяғында екінші шақырылымның депутаттары қаланың тарихи бөлігін жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік жағынан қамтылмаған топтарға тұрақты негізде тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі, Орал қаласын газдандыру бойынша бағдарламалар және басқа да мәселелер күн тәртібінде тұрды.

ІІІ шақырылымның Орал қалалық мәслихаты (2003-2007 жж.).

2003 жылғы 20 қыркүйекте және 12 қазанда өткізілген 3 шақырылымның Орал қалалық мәслихатына депутаттарды сайлаудың қорытындысын 3 шақырылымның 1 сессиясында 18 қазанда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов жария етті. Сессия 2003 жылғы 18 қазанда өтті.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 11 бабына сәйкес үшінші шақырылым қалалық мәслихатының бірінші сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов Орал қалалық мәслихаты депутатына үміткер 74 кандидат арасынан  20 округтан 19 депутат сайланғанын хабарлады. Бірінші сессияның төрағасы төрағасы болып Асылбек Жаманбаев сайланды, 3 шақырылым Орал қалалық мәслихаты жұмысының регламенті бекітілді, 5 тұрақты комиссия құрылды, Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып бірауыздан Әнес Истелюев сайланды, тексеру комиссиясының төрағасы болып Владимир Салов сайланды. Сайлау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде 20 округтің 10-нда қалалық мәслихатқа сайлау бірінші кезеңде өтті, ал 9 округте қайта дауыс беру болып, №18 округте қайта сайлау өткзілді.
Сайлаудың бірінші кезеңінде 577, екінші кезеңінде 488 бақылаушы қатысты, кандидаттар «Отаннан» -61, азаматтық партиядан-80, аграрлық партиядан-101, коммунистік партиядан-115, «Ақжолдан»-20.
Ұлттық құрам бойынша 19 депутаттан 57,9% -қазақтар, 31,6% - орыстар, басқа ұлт өкілдері-10,2%, барлығы 4 ұлт өкілі болды. Барлық депутаттар жоғары білімді, 2 ғылым докторы, 3 депутаттың кандидат дәрежесі болды.
Жас ерекшелігіне қарай тоғыз депутат 40-45 жаста, бес депутат 55-60 жаста, төрт депутат 30-45 жас аралығында.
Партиялығына қарай 19 депутат, 8-і «Отан» партиясының, 4-і азаматтық партия мүшесі, 7 депутат партия қатарында жоқ. 3 шақырылымның Орал қалалық мәслихатының құрамында 3 әйел адам болды.
Осы 3 шақырылымда осы күнге дейін маңызын жоймаған, қалаға қажет шағын және орта бизнесті дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты бағдарламалары қабылданды және де 3 шақырылымның Орал қалалық мәслихаты депутаттарының ынтымақтастығы арқасында басқа елдермен жүзеге асырылған тығыз қарым-қатынас нәтижесінде «Аула аумақтарын абаттандыру» бағдарламасы жасақталды. Осы және өзге де бағдарламалар Орал қалалық мәслихатының 4 шақырылымында өз жалғасын тапты. Өкілетті органға бизнестен адамдар келді, білім беру саласынан 3 мектеп директоры, 2 колледж директоры, дәрігерлер, теміржолшылар, басқа сөзбен, жаңа ғасырдың жаңа формациясы ұсынылды.

4 шақырылымның Орал қалалық мәслихаты (2007-2012 жж.)

Орал қалалық мәслихатының 4 шақырылымына сайлау 2007 жылғы 18 тамыз күні өтті. Сайлау қала жұртшылығының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық бақылаушылардың  белсенді араласуымен өтті.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 11 бабына сәйкес төртінші шақырылымның қалалық мәслихатының бірінші сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Абат Шыныбеков ашты, ол Орал қалалық мәслихатының 20 орнына 77 кандидат таласқанын хабарлады.
Өз сайлаушыларының қолдауларына ие болған  20 депутат Орал қалалық мәслихатына сайланды. Осы шақырылымның депутаттық корпусы бұрынғы құрам депутаттарымен қатар қала тұрғындарына танымал бизнес өкілдері-жаңа адамдармен толықты. 19 депутат «Нұр Отан» ХДП болса, біреуі өзін-өзі ұсынғандар қатарынан. Ұлттық құрам да бірегей- қазақ және орыс ұлтымен бірге депутаттық корпустың құрамында армян, украин, татар, еврей ұлт өкілдері де болды.
4 шақырылымның сессиясы 2007 жылғы 12 қыркүйекте болды, төрағасы депутат Александр Наугольнов, Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып Әнес Истелюев, тексеру комиссиясының төрағасы Зинатолла Халилов сайланды.
Сессияда 4 тұрақты комиссия: индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй -коммуналдық мәселелер, әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі, нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі, экономика, бюджет және қаржы жөніндегі комиссия құрылды.
Ең басынан бастап қалалық мәслихат депутаттарының жұмысы алдыңғы буынның және Қазақстан мен соның ішінде алыс шетелдің басқа қалаларындағы әріптестердің тәжірибесін ескере отырып, құрылды. «Біздің қала» атты депутаттық қоғамдық бірлестік құрылды, атқарушы билік пен қала тұрғындарының бірлескен күшімен қоғамдық муниципалдық бірлестіктер құрылды. ҚМБ негізгі мақсаты- тұрғындардың өздерін жалпықалалық мәселелерді шешуге белсендіру.
Депутаттар түрлі бағыттар бойынша қалалық бағдарламаларға бастама жасап, қабылдады: шағын және орта бизнес бағдарламасы, жастр саясаты жөніндегі бағдарлама, дене шынықтыру және спорт жөніндегі, мәдениет саласын дамыту, қаланың аула аумақтарын абаттандыру бағдарламасы, лифт шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасы. Депутаттар Орал тірек қаласын 2015 жылға дейін дамыту Стратегиясын дайындауға белсенді қатысты. Қала тұрғындарының жүздеген мәселесі депутаттардың тікелей қатысуымен шешімін тапты.

Сайлаушылармен кері байланыс орнату үшін www.oral-maslihat.kz.,веб-сайты , қалалық аптасайынғы «Жайық үні» және «Пульс города» газеттеріне «Мәслихат жаршысы» және «Вестник маслихата» атты қосымша парақтар ашылды.

5 шақырылымның Орал қалалық мәслихаты (2012-2016жж).

Орал қалалық мәслихатының 5 шақырылымына сайлау 2012 жылы 15 қаңтар күні өтті. Сайлау қала тұрғындарының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық байқаушылардың белсенді араласуымен өтті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабы негізінде қалалық мәслихаттың бесінші шақырылымының бірінші сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е.М.Абулхатин ашып, 2012 жылғы 15 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысы туралы ақпарат берді.Сайлаушыларының қолдауына ие болған 20 депутат Орал қалалық мәслихатына сайланды. Орал қалалық мәслихаты 5 шақырылымының 1 сессиясын жүргізу үшін № 4 сайлау округінің депутаты Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина сайланды. Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып № 6 сайлау округінің депутаты Абат Абайұлы Шыныбеков бірауыздан сайланды. Жаңадан сайланған 19 депутат «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған болса, 1 депутат — «Ақжол» демократиялық партиясынан. 5 шақырылымға сайланған депутаттар ішінде 16-ер адам, 4- әйел адам, жас шамасымен 31-40 жас аралығында-5, 41-50 жас аралығында −4, 51-60 жас аралығында −7, 60 жастан жоғары-4 адам болды. Ұлттық құрам бойынша: қазақтар- 13, орыстар-5, кәріс-1, армян-1, білімі жағынан: жоғары білімді-19, 1-арнаулы орта білімді, әлеуметтік құрам бойынша: өндіріс саласынан-2, білім саласынан-3, денсаулық сақтау саласынан-1,кәсіпкерлік саласынан-13, шаруа қожалық жетекшісі-1.

Орал қалалық мәслихаты жергілікті өкілеттік орган бола тұрып, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрекет жасап, қала халқының ерік-қалауын білдіріп, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеріп, оның жүзеге асырылуына қажетті шараларды анықтайды, олардың орындалуын бақылайды.

Қалалық мәслихатта төрт тұрақты комиссия құрылып, өз жұмыстарын атқарды:

  • экономика, бюджет және қаржы жөніндегі комиссия, төрағасы Ринат Амангелдіұлы Нұрышев, № 7 округ депутаты, «Жайықжылуқуат» АҚ директоры;
  • индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы Асқар Тілекқабылұлы Ликеров, № 19 округ депутаты, «Тұрғын үй» ЖШС директоры;
  • әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі комиссия, төрағасы Марс Қадырғалиұлы Сатыбалдиев, № 3 округ депутаты, «Орал Холдинг» ЖШС-ніңдиректоры;
  • нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі комиссия, төрағасы Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев, № 15 округ депутаты, «Аяз» ЖШС-нің директоры.

Тұрақты комиссиялар мәслихаттың жұмысшы органы болып табылып, мәселелерді алдын ала қарап, дайындап, мәслихат сессиясының қарауына ұсынылатын мәселелер бойынша қорытындылар жасайды. Сессия жұмысының алдында барлық мәселелер тұрақты комиссия отырыстарында қаралып, сарапталады. Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында депутаттар көптеген мәселелерді қарады, атап айтқанда: «Орал қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджетін нақтылау», «Қалалық бюджеттің табыс бөлігін көбейту шаралары», «Орал қаласы әкімінің есебі», «Орал қаласында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекеті», «Қала көшелеріндегі құқық тәртібі жағдайы және мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», «Мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың 2012-2013 оқу жылына дайындығы» туралы«, «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің „Намыс“ спорт клубының жұмысы», «Орал қаласының Солтүстік -шығыс бөлігіндегі жастардың бос уақытын ұйымдастыру», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің аула аумақтарын абаттандыру бағдарламасынаяқтау туралы», «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы», «Орал қаласы құрылыс бөлімінің 2011 жылғы бюджеттік қаражаттарды игеруі бойынша есебі», тағы да басқа көптеген мәселелер талданды. Сессияға шығарылатын мәселелерден басқа мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мен спортты дамытуға бағытталған мәселелер де назардан тыс қалмады. Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 5 шілдедегі кезектен тыс 15-ші сессиясында Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып № 3 сайлау округінің депутаты Марс Қадырғалиұлы Сатыбалдиев сайланады.

Орал қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізу дұрыс жолға қойылған, көшпелі тұрақты комиссиялардың отырыстары «Жайықжылуқуат» АҚ-та, «Орал Су арнасында», көп салалы мемлекеттік, коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнында және «Спецавтобазада» өткізілді. Бұл отырыстарда депутаттар мекеме басшыларының есептерін тыңдап, Орал қаласының күзгі-қысқы дайындығы, аумақты абаттандыру секілді мәселелерді көтеріп, қызу талқылады.
Депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істеп, барлық атқарылып жатырған іс-шаралар Орал қалалық мәслихатының жаршысы «Депутат» қосымшасында және «Жайық үні-Жизнь города», «Орал өңірі» газеттерінде, ресми веб-сайтта жарияланады.

Мәслихат депутаттарынан құрылған Депутаттық фракция өз жұмысын белсенді атқарды, фракция жетекшісі № 4 округтен сайланған депутат Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина. Фракция — саяси партияның атынан өкілдік ететін, депутаттардың ұйымдасқан тобы болып, депутаттардың өз өкілеттіктерін, сайлау округтеріндегі бірлескен жұмысын жүзеге асыруға бағытталған.

Қалалық мәслихат депутаттары өз қызметінде қала өміріне байланысты ұйымдастыру шараларын кеңінен өткізіп, округтерінде сайлаушыларымен кездесіп, өздерінің тарапынан атқарылған жұмыстары туралы тұрақты түрде есебін беріп тұрды.