Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

Бұл беттегі ақпарат жаңартылуда.

 

 

 

 

 

Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров

 

№1 округ депутаты

 

1963 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов селосында дүниеге келген. 1970 жылы Свердлов орта мектебінің 1-класына барып 1980 жылы орта мектепті аяқтады. 1980 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп 1985 жылы ғалым агроном мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1985 жылдың мамыр айынан 1986 жылдың мамыр айына дейін Свердлов совхозында ферма агрономы болып еңбек жолымды бастап, 1986 жылдың мамыр–тамыз айлары аралығында Жәнібек аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1986 жылдың тамыз айынан 1989 жылдың ақпан айына дейін Свердлов совхозы комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

1989 жылдың ақпан айында Жәнібек аудандық комсомол ұйымының 1-ші хатшысы болып сайланып, 1991 жылдың тамыз айына дейін қызмет атқарды. 1991 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың тамызына дейін аудандық жастар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1993 жылдың тамыз айынан 1996 жылдың сәуір айына дейін Жәнібек кеден бекетінде инспектор, аға инспектор, бас инспектор болып жұмыс жасады. 1996 жылдың сәуір айынан 1997 жылдың қыркүйек айына дейін аудан әкімі аппаратының референті болып қызмет жасады.

1997 жылдың қыркүйек айынан 1998 жылдың мамыр айлары аралығында Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1998 жылдың мамыр айынан  2000 жылдың наурыз айына дейін жеке кәсіппен айналысты. 2000 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың қаңтар айлары аралығында облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, 2005 жылдың қаңтар айынан 2007 жылдың шілде айлары аралығында облыстық құрылыс басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды. 2007 жылдың шілде айынан 2008 жылдың қыркүйек айлары аралығында  жеке кәсіппен айналысты.

2008 жылдың  қыркүйегінен бастап «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында консультант, партиялық бақылау комиссиясының инспекторы, 2012 жылдың мамыр айынан бері облыстық филиал төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2016 жж. - 5 шақырылымдағы  Орал қалалық мәслихатының хатшысы. 2016 жылғы 24 наурыздағы Орал қалалық мәслихатының ұйымдастыру сессиясының №1-3 шешімімен 6 шақырылымдағы Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 
Үйленген, үш баласы бар. 

 

 

 

 

 

 

Нұржан Орынғалиұлы Сертеков

 

№2 округ депутаты

 

1966 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Бөкей ордасы ауданы, Сайхын ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын домбыра мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  1994 жылы Батыс Қазақстан мәдениет институтында оқытушы болып бастаған.   1997 жылы Батыс Қазақстан өнер институтының «Аспапта орындау» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады

2000 жылы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халық аспаптар» кафедрасының меңгерушісі болады.

2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Саз және би өнері» факультеті деканның оқу-ісі және әдіскері жөніндегі орынбасары.

2007 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжінің директордың орынбасары болып тағайындалады.

2012 жылдың желтоқсан  айынан бастап Құрманғазы атындағы саз колледждің директоры.

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен 2011 жылы марапатталған. 

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Серік Хаирұлы Мұхамбеталиев

 

№3 округ депутаты

 

1967 жыл 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданына (қазіргі Сырым ауданы) қарасты Өленті ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтайды.1992 жылдан 1994 жылға дейін «Фрунзенское» оқу – тәжірибелік шаруашылығында агроном болып қызмет атқарады және 1994 жылы Батыс  Қазақстан аграрлық университеттің жанындағы аспирантураға оқуға түсіп, оны 1998 жылы аяқтайды, 2000 жылы Самара ауылшаруашылық академиясында ауылшаруашылық ғылымдары кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияны сәтті қорғайды.
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы мерзім ішінде ол оқытушы болады, кейін 2000 жылдан бастап Республикалық оқу – әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2001 жылы колледждің оқу ісі бойынша директордың орынбасары, 2012 жылдан бастап Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің директоры болып тағайындалады.
2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетінде «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша «Бакалавр» академиялық дәрежесімен екінші жоғары білім алады.

С.Х.Мұхамбетқалиев өсімдіктану бойынша 100–ден аса ғылыми мақалалар, оқулықтар және оқу құралдарының авторы.  «Мұнай газ өндірісі» бойынша Республикалық әдістемелік бірлестігінің төрағасы ретінде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, Типтік оқу жоспарлары, мұнай газ мамандықтары бойынша оқу – әдістемелік кешендер әзірлеумен айналысады.
С.Х.Мухамбеталиев мемлекеттік марапаттарға ие болды, төсбелгілері: «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «Сафи Өтебаев атындағы грант иегері», «Қазақстан Республикасы білім саласының көшбасшылары» кітабына енді.

Үйленген, екі баласы бар. 

 

 

 

 

 

 

Давлетжанов Мұхтар Серікұлы

 

№4 округ депутаты

 

Давлетжанов Мұхтар Серікұлы 1974 жылы 31 мамырда Орал облысының Шыңғырлау ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 1995 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша, 2006 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына қабылданды.
1999-2000 жылдары Орал қаласындағы №38 қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2000-2003 жылдар аралығында Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жастармен жұмыс жөніндегі ректор көмекшісі, кейіннен аталмыш комитеттің басшысы қызметін атқарды.
2003 жылы «БҚО Жастар Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы болып, осы жылы облыстық мәслихат депутаттығына сайланды.
2008-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасады.
2011-2016 жылдары аралығында БҚО Бөрлі ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2016 жылдың 14 желтоқсанынан «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Үйленген, екі қызы бар.

 

 

 

 

 

 

Ләззат Тұяқбайқызы Рысбекова

 

№5 округ депутаты

 

1976 жылы 7 мамыр күні Орал қ. мұғалімдер отбасында дүниеге келген.  1993 жылы №1ЖББМ бітіріп, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне бухгалтер-қаржыгер мамандығына оқуға түседі. Екінші заңгер мамандығын Алматы қ. Қазақ мемлекеттік заң академиясында алады. Қазіргі уақытта - экономика және қаржы магистрі. Еңбек жолын БҚО бойынша ҚР Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау комитеті Басқармасының қызметтер саласы бөлімінің аға бақылаушы-ревизоры болып бастайды.Содан соң «Қазақтелеком» АҚ филиалының Батыс Қазақстан  облыстық телекоммуникация дирекциясында қызмет етеді. Кейін БҚО прокуратурасында сыбайлас жемқорлықпен күрес  тобының маманы, мемлекеттік мекемелер қызметіндегі заңдылықты бақылау бойынша Басқармада облыс прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарады.

 2011 жылы Орал гуманитарлық колледжінің қаржылық директоры лауазымына тағайындалады.
 2015 жылдан бері БҚО іскери әйелдер Ассоциациясын басқарып келеді.

Марапаттары: «Білім саласындағы дәстүрді сақтау мен инновацияға қосқан үлесі үшін» (2014ж.Женева, Швейцария), «Ұйымдарды басқарудағы жетістігі үшін» (2015ж. Лондон, Великобритания).

 

 

 

 

 

 

Марат Жаулыбайұлы Қаженов

 

№7 округ депутаты

 

1971 жылы 19 қазанда Орынбор қаласында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. Біріншісі - 1989-1993 жылдары Санкт-Петербург жоғары әскери зенитті-ракеталық командалық училищесінде оқыды. Екіншісі -  2005-2007 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да заң факультетінде оқыды. 1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін  зенитті-ракеталық полкі мотоатқыштар дивизиясын басқаратын взвод командирі болып ҚР Қарулы күштерінде қызмет етті. 1995 жылы Орал қаласының   ішкі істер органына оперативтік уәкіл ретінде қызметке қабылданды. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бөлім бастығы болып тағайындалды. 2008 жылдан бастап кәсіпкерлік іспен айналысты. 2011 жылы кондитерлік өнімдерін шығаратын «KAZKON»  фабрикасын құрды.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Әлия Өтемісқызы Салиева

 

№8 округ депутаты

 

1960 жылы 2 наурызда Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Студенттік жылдары облыстық халық депутаты кеңесінің депутаты болды. Экономика ғылымдарының кандидаты. Кәсіптік қызметін 1981 жылдан Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру бөлімінде экономист болып бастады. Қаржы институттарында, комсомолда және партиялық ұйымдарда қызмет атқарған. Банк саласында үлкен тәжірибеге ие. Сонымен бірге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалын басқарған. 2012 жылдан бері «Нұр Отан» партиясы мүшесі. Қазіргі таңда шағын бизнестің 200-ден астам өкілін біріктіретін «Ақ жол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директорлар кеңесінің төрайымы қызметін атқарып келеді.

Әлия Өтемісқызы облыстағы 22 үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін Батыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсының президенті. 

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің кеңесші органының және Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 2016 жылғы ақпан айынан бастап қалалық аналар кеңесінің төрайымы болып сайланды.

 

 

 

 

 

 

Жантас Набиоллаұлы Сафуллин

 

№9 округ депутаты

 

1982 жылы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген.

Өзінің еңбек жолын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультетінде азаматтық құқықтар кафедрасында мұғалім болудан бастады.

2003 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі таңға дейінгі еңбек жолы Батыс Қазақстандағы ең үлкен медиахолдинг «Жайық Пресс» ЖШС-мен өте тығыз байланысты. Қазіргі уақытта оның басқаруымен «Жайық Пресс» ЖШС 2 облыстық және 12 аудандық газеттерді, сонымен қатар өзінің ақпараттық орталығын, Орталық коммуникациялар қызметінің Батыс Қазақстан облыстық филиалын, Батыс Қазақстан баспасөз тарихын зерттеу орталығын біріктіреді.

 

 

 

 

 

 

Валерий Павлович Власов

 

№10 округ депутаты

 

1953 жылы 20 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Орал қаласындағы № 6 орта мектепті бітірген соң, 1971 жылы Орал құрылысы техникумына оқуға түседі, осы жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Әскери борышын өтеген соң, Орал құрылыс техникумындағы оқуын жалғастырып, 1976 жылы аяқтады. Еңбек жолын ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігінің  №37 ЖПК шеберінен бастаған.  1976 жылдың қазан айында «Уральскпромстрой» тресінің үй құрылысы комбинатына жұмысқа орналасты, соңынан 1998 жылы ол мекеме «Домостроитель» Өндірістік кооперативі болып қайта құрылды. Үй құрылысы комбинатындағы еңбек жолын монтаждау учаскесінің мастері қызметінен бастады, соңынан осы учаскенің прорабы болып тағайындалды. 1985 жылы ақпанда комбинат бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Үй құрылысы комбинатының бас инженері болып жасады. 1998 жылы 1 шілдеден  бастап күні бүгінге дейін «Домостроитель» өндірістік кооперативінің басшысы. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан «Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
«Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Әнуар Вениаминұлы Мұқатаев

 

№11 округ депутаты

 

1978 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2001 жылы Мәскеу мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша  тәмамдаған. 2001 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. 2007 - 2009 жылдар аралығында «Орал Су Арнасы» МКК директорының орынбасары, «НИШ» АҚ корпоративтік хатшысы болып қызмет атқарған. 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ВодСпецСтрой» ЖШС бас директоры.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Азамат Ғимранұлы Бисенов

 

№12 округ депутаты

 

1987 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатын бітіреді.
2010 жылы Алматы қ. Қазақ-Британ техникалық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016 жылы Мәскеу қ. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызметі Ресей Академиясының магистратурасын «Мемлекеттік қызмет және бизнестегі басқару» мамандығы бойынша  қызыл дипломмен тәмамдады.
Еңбек жолын 2010 жылы «Оралагрореммаш» АҚ қатардағы экономист лауазымынан бастайды.
2012 жылы «Оралагрореммаш» АҚ экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті болып тағайындалады.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Үйлеген, екі баласы бар.

 

 

 

 

 

 

 

Әлібек Әлімжанұлы Әжмағамбет

 

№13 округ депутаты

 

1980 жылы 27 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келген.1997 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Батыс Қазақстан аграрлық университетіне «қаржы және несие» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2001жылы оқу орнын аяқтап, экономист-қаржыгер біліктілігі беріледі.2006 жылы заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алады.

Еңбек жолын 2001 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ ОФ-да менеджер лауазымынан бастап, 2006 жылға дейін жұмыс істейді. 2006-2010 жж. «Ақсайавтотранс» АҚ компаниясында жұмыс істеді.
2010 жылы Орал қ. «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалады.
Ә.Әжмағамбет- «Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Үйленген, екі баласы бар.

 

 

 

 

 

 

Тұрарбек Тілемісұлы Тілемісов

 

№14 округ депутаты

 

1972 жылы 7 қараша  күні Батыс Қазақстан облысы Фурманов (Казталов) ауданы Фурманов (Жалпақтал ауылында) дүниеге келген.

1989 жылы №24 Фурманов орта мектебін бітіреді.
1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «АӨК саласындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша экономика факультетін тәмамдаған.
2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы  бойынша бітіреді.
Еңбек жолын 1989 жылы Фурманов орта мектебін бітірген соң, Фурманов аудандық тұтынушылар одағында жүк тиеуші болып бастайды.
1994-1996 жылдары институтты бітірген соң, Жалпақтал аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып қызмет етеді.
1996-1999 жылдары Жалпақтал «Агроремснаб» АҚ бас есепші болып жұмыс істейді.
1999-2003 жылдары «Абылай» атты шаруа қожалығын құрып, басшылық етеді. 
2003 жылы «Қазқұрылыссервис» ОФ ЖАҚ директорының орынбасары, филиал жабылған соң, «KazTransLogistikcs» ОФ ЖШС директорының орынбасары болып ауыстырылған.
2004-2005 жылдары «KazTransLogistikcs» ОФ ЖШС директоры.
2005 жылдан осы күнге дейін «ОралТранс» ЖШС директоры қызметін  атқарады.
1999 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесімін.

Үйленген, төрт баласы бар.

 

 

 

 

 

 

Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев

 

№15 округ депутаты

 

1963 жылы 4 қаңтарда Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. 1985 жылы Куйбышев политехникалық институтының механикалық факультетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы Алматы Коммерциялық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдады. 1985-1992 жылдар аралығында Ворошилов атындағы зауытта инженер-технолог, өндіріс бөлімшесінің шебері қызметтерін атқарады. 1992 жылдан 1994 жылға дейін облыстық экономика басқармасының жетекшісі және бас маманы болып жұмыс істейді. 1994 жылдан бастап «Аяз» ЖШС транспорт, өндіріс бөлімдерін басқарады, бірінші Вице президент болды. 1998 жылдан бері «Аяз» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
"Нұр Отан" партиясының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Наджаф Мирзага оглы Мамедов

 

№16 округ депутаты

 

Н.М.Мамедов 1967 жылы 17 наурыз күні Әзірбайжан Республикасы Джалилабад ауданы Байханлы ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Орта мектепті бітірген соң, 1987-1993 жж. Қаратөбе ауданындағы Ақтайсай  кеңшарында құрылысшы болып жұмыс істеді. 1993-1999 жж. Орал қ. РСУ кәсіпорнында құрылысшы болып жұмыс істейді. 
2001 жылы РФ Астрахань қаласындағы әлемдік экономика және қаржы институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1999-2001 жж. – Орал қ. «Мамедов» ЖК директоры.
2001-2003жж. – Орал қ. «Айдамирова» ЖК директорының м.а.
2003-2006 жж. - Ақсай қ. «БурлинГазСтрой» АҚ құрылыс жөніндегі шебері.
2006-2012 жж. – Орал қ. «ЮртҚұрылыс» ЖШС директорының орынбасары.
2012 жылдан бастап осы күнге дейін Орал қ. «Мамедов» ЖК директоры.
2012 жылы БҚО «Бірлік» этномәдени орталығының төрағасы болып тағайындалады. 2013 жылдан бастап республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2012 ж. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2015 ж. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасымен және БҚО әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, бес баласы бар.

 

 

 

 

 

 

Валентина Павловна Михно

 

№17 округ депутаты

 

1954 жылы 1 тамызда Тамбов облысының Кирсановский ауданының Сулакский селосында дүниеге келген. 1991 жылы Саратов политехникалық институтын тәмамдап, инженер-экономист дипломын алған. 1995 жылы басқарманың бас есепшісі, кейін «Отделстрой» ӨК-іне ауысып, сол жерде 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Еңбек ете жүріп, Орал құрылыс техникумын бітіріп, 1989 жылы еңбек және еңбекақы бөлімінің инженері лауазымына ауысады. «Отделстрой» республикада ең алғашқылардың бірі болып құрылыс процесіне ИСО:9001 халықаралық стандарттарды енгізуге кірісті. Қазіргі таңда сапа менеджментіне сәйкестігі бәсекеге қабілеттілікті сақтауға және КПО б.в. шетел фирмаларымен бірігіп қызмет атқаруға мүмкіндік беріп отыр. Көп жылдар бойы қоғамдық жұмыстармен айналысып жүр. «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және облыстық, республикалық деңгейдегі мақтау қағаздарымен, дипломдармен марапатталған. 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» атағы берілді.

Тұрмыста, бір қыз тәрбиелеп отыр.
"Нұр Отан" партиясының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Лилия Маратовна Хайруллина

 

№18 округ депутаты

 

1977 жылы  7  қаңтарда  Батыс Қазақстан облысы,  Орал қаласында  дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматшасы, ұлты – татар.
1994 жылы қаладағы  №17 орта мектепті бітірген. 1994-1999 жылдары Ресейдегі Халықтар достығы университетінде оқыды (Мәскеу қаласы), оқу орнын  үздік аяқтап, «социология бакалавры» дәрежесін алады.
2000-2001жж. –Ақсай қ. КПОб.в. келісімшарт бөліміінң маманы.
2001-2003 ж.ж. Лондон қаласындағы Вестминстер университетін «Басқару теориясы,бизнесті басқару» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.
2004-2010 жж. – Лондонда басшының көмекшісі, сатып алу және жоспарлау жөніндегі менеджер, шығыстар мен Firstpride Ltd  жоспарлауды бақылау жөніндегі маман лауазымдарын атқарған. (Пластикті өңдеу бойынша жабдық өндірісі), КРDL Hess corporation (мұнайгаз саласы).
2012 жылдан бастап «Uralsk Spring» Кристальная» маркасымен БҚО  таза табиғи су шығаратын өңдірісі – «Фирма Родник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдаумен бутилденген ауыз суды өндіру бойынша қазіргі заманғы кешен құрылысының жобасын жасақтап, құрылысын жүзеге асырды.

2011 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 

 

 

 

 

 

 

Валерий Юрьевич Крылов

 

№19 округ депутаты

 

1966 жылы 8 наурызда Орал қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Славянск қ. әуе училищесіне оқуға түседі. Училищені 1986 жылы бітіріп, Ақтөбе қалалық әуе тобына жолдамамен жұмысқа тұрады. Кейін Орал әуежайына инженер-электр механик болып жұмысқа қабылданады. Әуежайда 1994 жылға дейін жұмыс жасайды.

1994 жылдан 1999 жылға дейін «Орал -1» АҚ мен «Береке» компаниясында басшылық қызметтер атқарады.
1999 жылы «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ААҚ президенті болып тағайындалады. 2000 жылы «Яикская нефтебаза» акционерлік қоғамын басқарады.  2003 жылы «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ның тең құрылтайшысы болады. 2007 жылы «ПластикАвтоТранс» ЖШС-ның директоры және қатысушысы, сонымен қатар «Орал сауда-өнерксіп компаниясы» ЖШС-ның қаржы директоры лауазымдарын атқарады. 2010 жылдан бастап "«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры"В.Ю.Крылов Батыс Қазақстан басқару және құқық институтын бітірген. 2011 жылы Nazarbaev University and Duke University тыңдаушысы атанса, осы жылдың қыркүйек айында «Туран-Профи» Халықаралық кәсіпқой академиясының «Экономика саласында жұмысшыларды басқарушылардың біліктілігін көтеру» курсының сертификатын иеленген.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» және 2015 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

Үйленген, екі баласы бар. 

 

 

 

 

 

 

Ақтілек Армандаұлы Өмірбаев

 

№20 округ депутаты

 

1966 жылы 18 мамыр күні Орал облысы Жымпиты ауылында  дәрігерлер отбасында дүниеге келген.  1983 жылы орта мектепті бітіріп, Ақтөбе медициналық институтына оқуға түседі.
1994-1996 жж. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында әскери борышын өтеді. 
А.А. Өмірбаев дәрігер-патологоанатом, дәрігер-хирург, Орал кардиологиялық диспансердің жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 
2003 жылдан бастап бас дәрігер, 2009 жылдан облыстық кардиологиялық орталықтың директоры.  
2011 жылы  ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталып, 2013 жылы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасына ие болды.

Үйленген, екі баласы бар.