Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

Көпшілік тыңдау

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша көпшілік тыңдаудың №8 хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 2018 жылғы 14 тамыз, жергілікті уақытпен сағ. 16.00.

Өткен орны:  «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы

Күн тәртібі: Орал қаласындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын қайта атау туралы ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

Төрағалық еткен:

А.Ш.Ермекқалиев - Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысқандар:

Орал қалалық мәслихатының депутаттары С.Х.Мұхамбеталиев, М.С.Дәулетжанов, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

          Тыңдалды:

          Қ.Ж.Мұқанғалиев: «Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес көпшілік тыңдауды өткізу туралы Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Орал қаласы мәслихатының Нормативтік-құқықтық  мәселелер  және  жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдау өткізгелі отыр», - деді.

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Деркөл ауылындағы көшелерге берілетін жаңа атаулармен таңыстырды.

          Көпшілік тыңдауға қатысып отырғандар Орал қаласындағы 62 көше атауларын өзгерту жөніндегі ұсынысты мақұлдап, қолдады.  

 

 

 

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Орал қаласындағы келесі көшелерді:

1)     

Автомобильная көшесін

-        Алдаспан көшесі

2)     

Верхняя көшесін

-        Шалқыма көшесі

3)     

Центральная көшесін

-        Қордай көшесі

4)     

Проселочная көшесін

-        Назерке көшесі

5)     

1-й кольцевой переулок көшесін

-        Берел көшесі

6)     

1-ой садовый переулок көшесін

-        Ағыбай батыр көшесі

7)     

2-й кольцевой переулок көшесін

-        Бұланты көшесі

8)     

2-ой садовый переулок көшесін

-        Қарабұлақ көшесі

9)     

2-я молодежная көшесін

-        Балқаш көшесі

10)                        

26 бакинских комиссаров көшесін

-        Жидебай көшесі

11)                        

Речная көшесін

-        Ертіс көшесі

12)                        

Больничная көшесін

-        Ырысты көшесі

13)                        

Вершигора көшесін

-        Халел Досмұхамедұлы көшесі

14)                        

Заводская көшесін

-        Естай көшесі

15)                        

Западная көшесін

-        Тұлпар көшесі

16)                        

Заречная көшесін

-        Қызғалдақ көшесі

17)                        

Зеленая көшесін

-        Маралды көшесі

18)                        

Кирпичный з-д ксмк көшесін

-        Бозай көшесі

19)                        

Ковпак көшесін

-        Қосшоқы көшесі

20)                        

Кольцевой переулок көшесін

-        Майтөбе көшесі

21)                        

Кольцевой тупик көшесін

-        Найзалы көшесі

22)                        

Комарова көшесін

-        Сұңқар көшесі

23)                        

Речной тупик көшесін

-        Серуен көшесі

24)                        

Латышская көшесін

-        Талды көшесі

25)                        

Лесная көшесін

-        Хақназар хан көшесі

26)                        

Литейная көшесін

-        Сүйінбай жырау көшесі

27)                        

Литейная площадь көшесін

-        Шарын көшесі

28)                        

Лощинная көшесін

-        Толқын көшесі

29)                        

Молодежная көшесін

-        Доспамбет жырау көшесі

30)                        

Молодежная-1 көшесін

-        Байқоңыр көшесі

31)                        

Набережная көшесін

-        Ақжар көшесі

32)                        

Овальная көшесін

-        Тұма көшесі

33)                        

Овражная көшесін

-        Қырмызы көшесі

34)                        

Охранная көшесін

-        Қоғалы көшесі

35)                        

Первомайский проспект көшесін

-        1 мамыр көшесі

36)                        

Космановтов көшесін

-        Бұхар жырау көшесі

37)                        

Поселковая көшесін

-        Шиелі көшесі

38)                        

Поселковый тупик көшесін

-        Сонар көшесі

39)                        

Приречная көшесін

-        Сұлутөр көшесі

40)                        

Пролетарская көшесін

-        Райымбек батыр көшесі

41)                        

Промышленная көшесін

-        Көксай көшесі

42)                        

Гурьевская көшесін

-        Тобыл көшесі

43)                        

Федина көшесін

-        Торғай көшесі

44)                        

Северная көшесін

-        Мұзарт көшесі

45)                        

Советская көшесін

-        Сұлтанбек Қожанов көшесі

46)                        

Степная көшесін

-        Үстірт көшесі

47)                        

Строителей көшесін

-        Алтынкөл көшесі

48)                        

Строительная көшесін

-        Жақып Ақбаев көшесі

49)                        

Тихая көшесін

-        Тарбағатай көшесі

50)                        

Трудовая көшесін

-        Майлықожа ақын көшесі

51)                        

Ульяновская көшесін

-        Шортанбай ақын көшесі

52)                        

Герцена көшесін

-        Шыңғыстау көшесі

53)                        

Хорошкина көшесін

-        Мұхамеджан Сералин көшесі

54)                        

Целинная көшесін

-        Сырымбет көшесі

55)                        

Центральная көшесін

-        Жанқожа көшесі

56)                        

Электрическая көшесін

-        Қарқаралы көшесі

57)                        

Южная көшесін

-        Көктерек көшесі

58)                        

Набержная көшесін

-        Мұзтау көшесі

59)                        

Белая казарма көшесін              -    Ақбақай көшесі

«Көкжиек» шағын ауданы бойынша:

60)                        

21- көшесін                                -     Әбу Насыр әл-Фараби көшесі

«Сарыарқа» шағын ауданы бойынша:

61)                        

41- көшесін

-        Бердібек Соқпақбаев көшесі

62)                        

44- көшесін

-        Шәмші Қалдаяқов көшесі

деп қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.

2. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе тиісті ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                         А.Ш.Ермекқалиев

 

Хатшы                                                                         Ж.Т.Ильясова

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша көпшілік тыңдаудың №7  хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 14 тамыз 2018 жыл, жергілікті уақытпен сағат 11.00.

Өткен орны: №42 мектептің акт залы

Күн тәртібі: «Орал қаласы «Астана» шағынаудандағы атаусыз 3 көшеге және «Жұлдыз» шағынаудандағы атаусыз 5 көшеге атау беру туралы ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

Төрағалық еткен:

А.Ш.Ермекқалиев - Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысқандар: Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Ү.Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының депутаттары С.Х.Мұхамбеталиев, М.С.Дәулетжанов Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

Тыңдалды:

Қ.Ж.Мұқанғалиев - Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қала тұрғындары мен депутаттарға көпшілік тыңдау «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына, Орал қалалық мәслихатының регламентінің 5.3 бабының 50 тармағына және  Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер  және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауы өткізіліп отырғанын айтты.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру,оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атуларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес шақырылып, жүзеге асырылып отырғанын баяндап, көшелерге берілетін атаулардың тізімімен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді. Сонымен қоса, «Астана» шағынауданының атаусыз көшелеріне билердің атын беру ұсынысы облыстық соттан түскенің атап өтті.

Көпшілік тыңдауға қатысып отырғандар «Астана» шағынаудандағы атаусыз 3 көшеге және «Жұлдыз» шағынаудандағы атаусыз 5 көшеге атау беру туралы ұсынысты мақұлдап, қолдады. 

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы КАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Орал қаласының атаусыз көшелеріне:

1) «Астана» шағынауданының атаусыз көшелеріне Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би;

2) «Жұлдыз» шағынауданының атаусыз көшелеріне Нұрғиса Тілендиев,

Фариза Оңғарсынова, Ермек Серкебаев, Асқар Сүлейменов және Медеу көшесі деп атау беру туралы ұсыныс мақұлдансын.

2. Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе қорытынды алу үшін тиісті ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Комиссия төрағасы                                                         А.Ш.Ермекқалиев

2018 жылғы 12 шілде

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы  №72-V Заңы, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде, Орал қалалық мәслихаты, Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауларында:  Орал қаласы бойынша кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын өзгерту мәселесі қаралатындығын хабарлайды.  Көпшілік тыңдаулар төмендегідей кестеге сәйкес өтеді:

Р/с

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру бойынша көпшілік тыңдаулар

Өтетін күні мен уақыты

Өтетін орны

1.

 Орал қаласындағы 5-шағынауданның атаусыз көшелеріне атау беру

14.08.2018 жыл

сағат 11.00

№42 «Ақниет» мектеп-гимназиясы 

2.

Орал қаласындағы Деркөл ауылындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау бойынша көпшілік тыңдау

14.08.2018 жыл

сағат 16.00

Деркөл мәдени-демалыс орталығы

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын өзгерту, жаңа атаулар беруге қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз бойынша Орал қаласы әкімдігіне,  Орал қалалық мәслихатына  хабарласуға болады.

Байланыс телефоны: Орал қалалық мәслихаты: 8(7112) 51-28-18

Орал қаласы әкімдігі, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 8(7112) 50-79-43

 

Орал қалалық мәслихатының Нормативтік-құқықтық  мәселелер  және  жұртшылықпен байланыс  жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №4-ші хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 2018 жылғы 12 қаңтар, 17.00 сағ.

Өткен орны: №2 мектептің акт залы

 

Күн тәртібі: Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы шағын баққа (сквер) атау беру туралы ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

Төрағалық еткен: Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев – Орал қалалық мәслихатының Нормативтік-құқықтық  мәселелер  және  жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысқандар: Орал қалалық мәслихатының хатшысы – Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының депутаттары, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Қуанышбек Жанболатұлы Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

Тыңдалды: Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Қуанышбек Жанболатұлы Мұқанғалиев.

Сөз сөйлегендер: Орал қалалық мәслихатының хатшысы – Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров, «БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ төрағасы – Тайманов Асқар Жолдығалиұлы, «БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ мүшесі – Жапбаркулов Жұмабек Кахарович, қала тұрғындары - Асауп Ахжонас Захаровна және Салиева Мария Шмангалиевна.

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырғандармен Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы шағын баққа (сквер) «Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшылар» атауын беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды.

Орал қалалық мәслихатының Нормативтік-құқықтық  мәселелер  және  жұртшылықпен байланыс  жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы шағын баққа (сквер) «Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшылар» атауын беру бойынша тиісті аумақ халқының пікірі ескерілсін.

2. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Қ.Мұқанғалиевке: Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы шағын баққа (сквер) «Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшылар» атауын беру туралы ұсынысы Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

Комиссия төрағасы                                          А.Ш.Ермекқалиев

 

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №3 хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 2018 жылғы 11 қаңтар, сағат 17.00.

Өткен орны: №42 «Ақниет» мектеп гимназиясының акт залы.

Күн тәртібі: Орал қаласындағы 5 шағын ауданға және 5-ші шағын аудандағы жаңа алаңға атау беру туралы ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

Төрағалық еткен:

А.Ш.Ермекқалиев-Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысушылар:

Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Ү.Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының депутаты М.С.Мұхамбетқалиев, М.С.Дәулетжанов, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

Тыңдалды:

Қ.Ж.Мұқанғалиев - Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. Ол қала тұрғындары мен депутаттарға көпшілік тыңдау «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына, Орал қалалық мәслихатының регламентінің 5.3 бабының 50 тармағына және  Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер  және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауы өткізіліп отырғанын айтты.

Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер жөніндегі  тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру,оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атуларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес шақырылып, жүзеге асырылып отырғанын баяндап,  көшелерге берілетін атаулардың тізімімен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді.

Сөз сөйлегендер: А.Ү.Әубекеров-Орал қалалық мәслихатының хатшысы, қала тұрғындары Сұлтанов А.Т.,  «Орал сервис» технологиялық колледжінің оқытушысы, Лайықова Л.А. зейнеткер  атау беруді мақұлдады

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Орал қаласындағы 5-ші шағынауданға «Қадыр Мырза Әлі атындағы шағын аудан» атын және 5-ші шағын аудандағы жаңа алаңға «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті алаңы» атауын беру туралы ұсыныс ескерілсін.

2. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе қорытынды республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

Комиссия төрағасы                                                         А.Ш.Ермекқалиев

 

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №2 хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 2018 жылғы 10 қаңтар. жергілікті уақытпен сағ. 17.00.

Өткен орны:  «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы

Күн тәртібі:

Орал қаласының «Деркөл» кентіндегі  ТЖЖ-1 мен 24 көшеге, ТЖЖ-2 мен 50 көшеге атау беру ұсынысы бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

Төрағалық еткен:

А.Ш.Ермекқалиев-Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысқандар:

Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының депутаттары С.Х.Мұхамбеталиев, М.С.Дәулетжанов, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиев, қала тұрғындары;

Тыңдалды:

Қ.Ж.Мұқанғалиев- Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қала тұрғындары мен депутаттарға қоғамдық тыңдау «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына, Орал қалалық мәслихатының регламентінің 5.3 бабының 50 тармағына және  Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер  және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауы өткізіліп отырғанын айтты.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру,оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атуларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес шақырылып, жүзеге асырылып отырғанын баяндап, көшелерге берілетін атаулардың тізімімен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді.

Сөз сөйлегендер: А.Әубекеров-Орал қалалық мәслихатының хатшысы, қала тұрғындары Бақтыгереев М.Ү, Жангиров С, Е.Құрманғалиев сөз алып көшелерге атау беруді мақұлдады

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Орал қаласындағы Деркөл кентіндегі  ТЖЖ-1 шағын ауданы  «Көкжиек» шағын ауданы деп атау туралы ұсыныс мақұлдансын.

2. Орал қаласындағы Деркөл кентінің 24 атаусыз көшесіне:

№1 көше-Игілік көшесі;

№2 көше-Мұрагер көшесі;

№3 көше-Ақтамберді жырау көшесі;

№4 көше-Сүгір жырау көшесі;

№5 көше-Ақсұңқар көшесі;

№6 көше- Оралхан Бөкей көшесі;

№7 көше-Наркескен көшесі;

№8.көше-Оспан батыр көшесі;

№9 көше-Кейкі батыр көшесі;

№10 көше-Қарасай батыр көшесі;

№11 көше-Жаяу Муса көшесі;

№12 көше-Ақжелең көшесі;

№13 көше-Александр Затаевич көшесі;

№14 көше-Майқы би көшесі

№15 көше-Малайсары көшесі;

№16 көше-Малтақан би көшесі;

№17 көше-Л.Н.Гумилев көшесі;

№17а көше-Кемел көшесі;

№18 көше-Қайым Мұхамедханов көшесі;

№18а көше-Айнабұлақ көшесі;

№19 көше-Күляш Байсейтова көшесі;

№20 көше-Серпін көшесі;

№21 көше-Сағынғали Сейтов көшесі;

№21а көше-Мерей көшесі деп атау туралы ұсыныс мақұлдансын

3.Орал қаласындағы Деркөл кенттінің ТЖЖ-2 шағын ауданы «Сарыарқа» шағын ауданы деп атау туралы ұсыныс мақұлдансын.

4. Орал қаласындағы Деркөл кентінің атаусыз 50 көшесіне:

№1 көше-Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі;

№2 көше-Иса Байзақов көшесі;

№3 көше-Абылайхан көшесі;

№4 көше-Тәукехан көшесі;

№5 көше-Ілияс Жансүгіров көшесі;

№6 көше- Талпын көшесі;

№7 көше-Балдәурен көшесі;

№8 көше-Бейімбет  Майлин көшесі;

№9 көше-Қарахан көшесі;

№10 көше-Айша бибі көшесі;

№11 көше-Батыр баян көшесі;

№12 көше-Қорқыт ата көшесі;

№13 көше-Халифа Алтай көшесі;

№14 көше-Баубек Бұлқышев көшесі;

№15 көше-Түркістан көшесі;

№16 көше-Отырар көшесі;

№17 көше-Дарын көшесі;

№18 көше-Ләззат Асанова көшесі;

№19 көше-Рауан көшесі;

№20 көше-Тақсай көшесі

№21 көше-Әзілхан Нұршайыхов көшесі;

№22 көше-Ғабит Мүсірепов көшесі;

№23 көше-Тұманбай Молдағалиев көшесі;

№24 көше-Ғабиден Мұстафин көшесі;

№25 көше Әмина Өмірөақова көшесі;

№26 көше Бөкейхан көшесі;

№27 көше Роза Бағланова көшесі;

№28 көше Әміре Қашаубаев көшесі;

№29 көше Ахмет Жұбанов көшесі;

№30 көше Шәкен Айманов көшесі;

№31 көше Шара Жиенқұлова көшесі;

№32 көше Тұран көшесі;

№33 көше Мәлік Ғабдуллин көшесі;

№34 көше Рақымжан Қошқарбаев көшесі;

№35 көше Төлеген Тоқтаров көшесі;

№36 көше Қасым Қайсенов көшесі;

№37 көше Хадиша Бөкеева көшесі;

№38 көше Саржайлау көшесі;

№39 Бейбітшілік көшесі;

№40 көше Тұрар Рысқұлов көшесі;

№41 көше Бекет ата көшесі

№42 көше Арыстан баб көшесі;

№43 көше Шыңғыс хан көшесі;

№44 көше Қызыр баба көшесі;

№45 көше Шаттық көшесі;

№46 көше Байбарақ батыр көшесі;

№47 көше Алтын Орда көшесі;

№48 көше Қаратау көшесі;

№49 көше Жасыбай көшесі;

№50 көше Шығай  көшесі деп атау беру туралы ұсыныс ескерілсін.

5. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                         А.Ш.Ермекқалиев

 

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №1 хаттамасы

 

Өткен күні мен уақыты: 9 қаңтар 2018 жыл, жергілікті уақытпен сағат 17.00.

Өткен орны: №37 мектептің акт залы

Күн тәртібі:

Орал қаласы «Жұлдыз» шағынаудандағы атаусыз 17 көшеге атау беру туралы ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.

Төрағалық еткен:

А.Ш.Ермекқалиев-Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысқандар: Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Ү.Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының депутаты С.Х.Мұхамбеталиев, М.С.Дәулетжанов Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

Тыңдалды:

Қ.Ж.Мұқанғалиев-Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қала тұрғындары мен депутаттарға қоғамдық тыңдау «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13 бабының 2 тармағына, Орал қалалық мәслихатының регламентінің 5.3 бабының 50 тармағына және  Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер  және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауы өткізіліп отырғанын айтты.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру,оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атуларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес шақырылып, жүзеге асырылып отырғанын баяндап, көшелерге берілетін атаулардың тізімімен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді.

Сөз сөйлегендер: А.Ү. Әубекеров-Орал қалалық мәслихатының хатшысы, қала тұрғындары Ахметов А.Г.,ардагер-ұстаз, Мансурова Қ.М., Жангалиева Ж.Т. көшелерге атау беруді мақұлдады

Орал қалалық мәслихатының нормативті-құқықтық мәселелер мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы КАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданындағы атаусыз 17 көшесіне:

№1 көше-Ұлытау көшесі;

№2 көше-Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;

№3 көше-Үшқоңыр көшесі;

№4 көше-Абдолла Жұмағалиев көшесі;

№5 көше-Бурабай көшесі;

№6 көше- Қаламқас Орашева көшесі;

№7. көше-Алатау көшесі;

№8.көше-Таразы көшесі;

№9 көше-Хан тәңірі көшесі;

№10 көше-Қызылқұм көшесі;

№13 көше-Шолпан көшесі;

№15 көше-Созақ көшесі;

№19 көше-Сырдария көшесі;

№21 көше-Жібек жолы көшесі;

№23 көше-Жеті қарақшы көшесі;

№25 көше Оқжетпес көшесі деп атау беру туралы ұсыныс мақұлдансын.

2. Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Қ.Ж.Мұқанғалиевке: аталған мәселе қорытынды алу үшін республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                         А.Ш.Ермекқалиев