23.11.2012
Үздік инновациялық жоба анықталды

Қарашаның 7-9 күндері аралығында «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінің Ақтөбе өңірлік партиялық оқу орталығында «БПҰ-ның елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңіндегі қызметі» тақырыбында семинар өтті.

Аталмыш семинар барысында бастауыш партия ұйымдарының төрайымдары инновациялық жобаларын қорғады. Осы орайда Ақсай қаласындағы №4 орта мектеп директорының орынбасары Ақмарал Нәбиеваның «Отбасы тәрбиесіндегі гендерлік әлеуметтендіруді қалыптастыруда бастауыш партия ұйымының рөлі» атты инновациялық жобасы үздік деп танылды. Сондай-ақ «Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ететін «Шаңырақ» БПҰ кешенді бағдарламасының жұмыс түрлері» тақырыбында дайындаған жобам «Ең үздік инновациялық жобалар» кітапшасына енгізілетін болды.

Мүнира Қойбағарова,
«Шаңырақ» БПҰ төрайымы