03.03.2016
Комиссия құрамы бекітілді

Ақпанның 29-ы күні Орал қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында төрт комиссия құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңес төрағасы Роман Масалимов әр комиссияға бекітілген кеңес мүшелерін таныстырды.

Көпшіліктің ашық дауыс беруімен Валерий Голоухов төрағалық ететін экономика, бюджет және қаржы жөніндегі комиссия құрамына Аққали Әубекеров, Қайыржан Идиятов, Әліби Оразов, Аслан Шахаров, Мира Шүйіншәлиева, Шолпан Махмудова енгізілсе, индустриалдық даму, инфрақұрылым және ТҮКШ жөніндегі комиссия төрағасы Бақытжан Нұрбаев, мүшелері Аветик Амирханян, Көшербай Айғожаұлы, Айгүл Молдашева, Виталий Соколов, Виктор Фомин, әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі комиссия төрағасы Мағжан Бисенғалиев, мүшелері Сәуле Бұлқашева, Аида Маратова, Ермек Мұхамбетқалиев, Бақытжан Нарымбетов, Тамара Рудич, Айгүл Төкешева, Рада Хайрушева, Валентина Шарина, нормативтік құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі  көмиссия төрағасы Найля Елегенова, мүшелері Мүслім Жәрдемов, Еркін Иргалиев, Бауыржан Ғұбайдуллин, Марат Қайырғалиев, Ерболат Каримов болып бекітілді. Алдағы уақытта аталған комиссия өздеріне жолданған сауалдар бойынша жұмыстанатын болады. Наурыздың он бесіне дейін әр комиссия мүшелері өзара бас қосып, болашақ жоспарларын нақтылап алмақ.

Кеңес отырыстары тоқсанына бір рет, сондай-ақ қажеттілікке қарай өткізілетін болады. Отырыстарда Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, қоғамдық-саяси дамуының мәселелері талқыланады, оларды шешу бойынша ұсыныстар талқыға салынады, практикалық ұсыныстар қабылданады, Кеңес жұмысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар шешіледі. Кеңес отырыстары бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА