Сергалина Рауза Сатымқызы

ӨМІРБАЯН

Сергалина Рауза Сатымқызы. 1957 жылы Қазақстан Республикасы Орал облысы Чапай ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі –жоғары, 1978 жылы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын тәмәмдады, мамандығы бойынша біліктілігі: қазақ класстарындағы орыс тілі және әдебиет пәнінің мүғалімі.

1978 - 1997 жылдар аралығында Ақтөбе облысының Алға ауданында мүғалім, Алға қалалық пионерлер үйінде директор, Алға Аудандық білім беру бөлімінде әдіскер болды. 2000-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық «Қазақ тілі» қоғамында, Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасында, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Кіші ассамблеясы атқарушы хатшылығығында бас маман болып жұмыс атқарды. 2007-2011 жылдар алалығында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде бөлім бастығы болды. 2011 жылдан бері «Орал қалалық мәслихаты» ММ-де аппарат басшысы жұмысын атқаруда.