08.02.2016
Қоғамдық кеңес қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңы күшіне енген болатын. Аталған Заң аясында бүгін қалалық әкімдіктің кіші мәжіліс залында қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың төрағалығымен Орал қалалық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі алғашқы отырыс өтті.

  – Бүгін Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңын жүзеге асыру бағытында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидаттар іріктелді. Күні бүгінге дейін 15 ұсыныс түссе, оның үшеуі мемлекеттік органнан, қалғаны коммерциялық емес ұйымдар мен жеке азаматтардан.   Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік органнан ұсынылғандар дауысқа салынбай-ақ жұмыс тобының құрамына өтеді, – дейді Аққали Үмбетқалиұлы.  Аталмыш Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың , азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.  

Бұл күні дауысқа салу  нәтижесінде қоғамдық кеңестерді құру жөніндегі жұмыс тобының құрамына төмендіге он адам енгізілді.

Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров  – Орал қалалық мәслихатының хатшысы

Роза Лұқпанқызы Абылаева  – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қалалық филиалы хатшысы

Әділгерей Сырымбетұлы Зұлхаров  –  «БҚО Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Ерболат Нұрланұлы Кәрімов  – Орал қалалық әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі

Төлеген Тастайұлы Мерғалиев  –  Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы

Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов  –  Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Сергей Михайлович Погодин  – БҚО «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, №1 саз мектебінің директоры

Мұрат Наурызғалиұлы Сдықов  – «Ақжол» білім және ғылым қоғамдық қорының төрағасы,  тарих және археология орталығының директоры

Людмила Александровна Тенишева  –  «Болашақ -Т» ЖШС қоғаммен байланыс менеджері

Борис Сидорович Чебаков  –  Білім саласының ардагері, зейнеткер.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА, «Жайық үні – Жизнь города»