24.07.2014
Жарқын болашаққа бастайтын жол

«Нұр Отан» саяси партиясы қоғамның сан-саласына қозғау салу үшін 12 жалпыхалықтық жобаны жүргізіп келеді. Партия қолға алған бұл жобалар ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың, жастардың, балалардың, әйелдер мен кәсіпкерлердің әлеуметтік мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған. Бұл бір сәттік немесе «кеңселік» шаралар емес, барлық партия мүшелерінің әр ауылда, әр қалада атқарар күнделікті жұмысы. Халықтың жоғары сеніміне ие болу – партия қызметіне берілетін баға.

 Бұл жобалар жалпы халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі, рухани дамуына негізделген.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы. Партия Доктринасында келесідей құндылықтар айқындалған, олар «Адам» біздің басты құндылығымыз, оның қадір-қасиеті мен құқы, амандық-саулығы мен мүдделері. «Ынтымақшылдық» құндылығы – ынтымақ отбасынан басталады. Ол отбасы мүшелерінің, достардың, айналадағы адамдардың бір-біріне көмектесуінен, рухы күштілердің әлсіз жандарға, бақуатты кісілердің тұрмысы төмендерге, жасы үлкендердің өзінен кішілерге жанашыр болуынан танылады. «Әділетті әлеуметтік саясат» жалпыға ортақ табыс факторында азаматтардың барлығы өмірдің жоғары үлгі-қалыптарына сай келетін әлеуметтік қызметтерге тең қол жеткізе алатын болуы керек. Ұрпақтардың үнқатысуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайту. Тыл еңбеккерлерін, жалғызбасты қарт адамдардың өмір сапасын арттыру арқылы әлеуметтік бейімдеу жатады.

 «Мықты бизнес-Қуатты мемлекет» партиялық жобасы отандық бизнеске жан-жақты көмек көрсетуді және кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін жағдайларды жақсартуды қолдайды.

 «Біздің ауыл» партиялық жобасы. Әрбір қазақстандықтың өмір сапасы, оның өмір сүріп жатқан орнына қарамастан теңдей жоғары болуы тиіс. Сондықтан партия мақсаты – бар күшін ауылдың өмір сапасын арттыруға жұмылдыру.

«Айқын тариф» партиялық жобасы. Коммуналдық қызметтер және сәйкесінше тарифтер саласы әрбір қазақстандықты, әсіресе табысы төмен жандарды толғандырады. Сондықтан, жеке тұлғалар үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың айқындық деңгейін арттыру болып табылады.

«Кедергісіз келешек» жобасы. Елбасымыздың биылғы  «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында көрсетілгендей, мүгедектердің өмір сапасын арттыруға бағытталған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, оларға кедергісіз орта қалыптастыру.

 «Стоп, қылмыс» жобасы. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, халықты құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағыттары жатады.

 «Партияның 50 тұлғасы» жобасы. Онда Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі мақсат етіледі. Бұл мақсатқа Қазақстанның даму, жеке және кәсіби өсу перспективаларын қалыптастырмай жетуі мүмкін емес. Сондықтан да, қоғам мен азаматтар мемлекеттік шешімдерді қабылдауға және оны жүзеге асыруға тікелей атсалысуы қажет екені көрсетілген.

«Бақытты отбасы» жобасы. Отбасы институтын, адамгершілікті, отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы руханилықты нығайту.

«Бақытты балалық» жобасы. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бала асырап алу жөніндегі құқықтық өрісін жетілдіру. Сондай-ақ, өз баласынан бас тартатындарды азайтып, бала асырап алғандарды құрметтеуді қалыптастыру қажетіне маңыз береді.

«Жастар – Отанға!» жобасы. Бұл жоба жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды көздейді. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, таратады.

«Сәтті қадам» жобасы. Жоғарғы оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуына жағдайлар жасайды. Жастарды жұмысқа жұмылдырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы. Мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін жас басқарушылардың тетігін қалыптастыру. Жас басқарушылар үшін әлеуметтік жағдайлар жасау.

Бүгінде облыста барлық жобалар түрлі деңгейде өз жұмыстарын бастап кетті. Соның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында облыста 301 Ұлы Отан соғысы ардагеріне әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, әрқайсысының жеке әлеуметтік картасы жасақталса, «Кедергісіз келешек» жобасымен алты айда 309 адам жұмысқа орналастырылды.

Дәл осындай шаралар барлық жобалар аясында әр бастауыш партия ұйымынан бастау алуда. Партиялық жобаларды жүзеге асыруда партияның барлық деңгейдегі мәслихаттарындағы фракция мүшелері, қоғамдық қабылдау бөлмелері, партиялық бақылау комиссиялары белсене жұмыс атқаруда. Жобалар «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан.2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты Сайлауалды Тұғырнамасын іске асыруға мүмкіндік береді. Болашаққа берері мол жобалардың жүзеге асуы – республика халқының кемел келешекке сеніммен қарауына жол ашары сөзсіз.

Гауһар ШАЙХИНИЯЗОВА,

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Сайлауалды Тұғырнаманы іске асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі