05.03.2016
Құрметті Орал қаласының ханымдары! Орал қалалық мәслихатының депутаттары атынан Сіздерді алғашқы көктем мерекесі - Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Дәл осы жыл мезгілінде табиғат адам бойындағы іңкәр сезімді оятып, жанына шуағын төгеді, сондықтан да әрбір әйел бұл күнді ерекше қуанышпен күтеді.

Еліміздегі болып жатқан оқиғалар әйелдердің  қоғамдық белсенділігін арттырып, әлеуметтік рөлін күшейтуде. Әйелдердің қаламыздағы саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу деңгейі өсіп келеді.Сіздер еңбек нарығына белсене араласып, кәсіби іс пен жауапкершіліктің, бастамашылық пен іскерліктің нағыз  үлгісі  бола білдіңіз.

Өздеріңізге ғана тән сүйіспеншілік пен қамқорлық арқасында Сіздер отбасы жылуын сақтап, кейінгі ұрпақ үшін тілге, мәдениетке, дәстүрге деген құрметті жалғай білдіңіз.

Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауының басымдық бағыттарын жүзеге асыру жолында  біз әйелдердің әлеуметтік құқығын қорғап, ана мен баланы қорғау үшін қолайлы жағдай туғыза білуіміз қажет. 

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасының амандығын, ұзақ ғұмыр, шаттық пен шапағат, бейбіт аспан мен береке тілеймін!

Әрқашан өмірлеріңіз гүлдей жайнап, бақыт пен қуанышқа кенеле беріңіздер!           

Игі тілекпен,
Орал қалалық мәслихатының хатшысы  А.Әубекеров