17.03.2016
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Елімізге халқымыздың ең ұлы мерекесі –Наурыз мейрамы келді.
Наурыз жаңару мен жаңа күннің басталуын білдіреді. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.
Бұл мейрам әдет-ғұрпымызды, мәдениетіміз бен туған жерімізді сыйлауға, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасында бейбіт өмір мен өзара түсіністікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Ынтымақ пен достық, бақыт пен шаттық, мейірімділік пен ізгілік үйлесім табатын Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға жаңа жетістік, мол табыс, отбасыларыңызға ырыс-береке алып келсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Орал қалалықмәслихатының хатшысы А.Әубекеров