Үндеу

Құрметті сайт оқырмандары!

Орал қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіздер!           

Сайтымызда Орал қалалық мәслихаты жұмысының жүзеге асырылуы жөнінде ақпараттық аңдатпа жүргізіледі. Бұл қадамдар тұрғындар мен қалалық мәслихат өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас кедергілерін жойып, депутаттардың сайлаушыға жақын болуы үшін, округтегі мәселелерді тез әрі бірлесе шешу үшін жасақталған.              

Біздің сайт беттерінен Сіздер Орал қалалық мәслихатымен жүргізіліп отырған жұмыстар туралы біліп, қала және округтердің ахуалы мен тың өзгерістері жайлы жаңалықтармен, қажетті ақпараттармен таныса аласыздар деген үміттемін.

Аталмыш сайт өзара жаңа ой-пікірлердің конструктивті диалог алаңына айналып, ақпарат алмасу арқылы іске асырылатын жұмыстар мен өзекті мәселелерді шешуде зор көмегін тигізеді деп сенемін.

Құрметпен,
Орал қалалық мәслихатының хатшысы Марс Сатыбалдиев

Өмiрбаян

Марс Қадырғалиұлы Сатыбалдиев

1981 жылы 1 қаңтарда Казталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Бөрлі ауданы Киров ауылында орта мектепті бітірген. Екі жоғары білімі бар – тарих және география пәнінің мұғалімі және қаржыгер. 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет мектебінде білім алады. Марс Сатыбалдиев еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығында маман ретінде бастап, кейін төрағаның орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылы «Жастарға тұрғын үй» облыстық жобасының инициаторы және жасақтаушысы болды. Облыс әкімінің жастар ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып жүріп, Марс Сатыбалдиев аталған бағдарламаны үнемі басшылыққа алып, «Жас отау» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысты. Қазіргі таңда 2 көппәтерлі үй салынып, 180 жас отбасы жеңілдетілген жағдайда пәтерге ие болды. 2012-2013 ж.ж. «Орал Холдинг НСК» ЖШС директоры қызметін атқарған. 2013 жылдың 5 шілдесінен бастап Орал қалалық мәслихатының хатшысы.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.  
«Нұр Отан» ХДП мүшесі.