12.09.2013
Туған күніңмен, сүйікті Орал!

Құрметті оралдықтар! Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сүйікті қаламыздың барлық тұрғындары үшін бұл - айтулы және тамаша күн. Бұл мереке жасымызға, дін мен ұлтымызға қарамастан  баршамызды біріктіреді, бұл күні біздер өзімізді үлкен отбасының мүшесі ретінде сезінеміз.

Қала тұрғындары қаламыздың тамыры терең тарихын, ерекше табиғатын, көз тамсандырар көркін мақтан етуі қажет. Еуропа мен Азияның шекарасында, Жайық пен Шаған өзендерінің арасында орналасқан бүгінгі әсем Орал шаһары еңбек етіп, өмір сүруге және жас ұрпақты тәрбиелеп-өсіруге жағдайлары бар, заман талабына сай қарқынды дамушы қала. Ал бұл игі істер, әрине, тұрғындардың өз қолымен жасалған. Алдағы уақытта да сүйікті Оралымыз ортақ қолдауымызбен көркейе берсін.

Құрметті қала тұрғындары, сіздерге денсаулық, әр отбасыға бақыт пен құт-береке, туған жерімізге бейбітшілік пен ынтымақтастық, келер күнге деген сенімділік пен сүйікті Оралымыздың дамуындағы оңды істерге үлкен жетістіктер тілеймін!  

Мереке құтты болсын!

Марс Сатыбалдиев,
Орал қалалық мәслихатының хатшысы