21.09.2012
«Мектепке жол» акциясын қолдаймыз!

Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты.

Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты.
Ағымдағы жылы тамыз, қыркүйек айларында аталмыш акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау науқанына №31 мектеп ұжымы да атсалысты. Мектеп директоры А.Хаиров, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Бекмамбетова, әлеуметтік педагог сынып жетекшілерімен бірлесе шағынаудан бойынша рейдтік тексерулерге шығып, аз қамтылған жанұя балаларына көмектесу үшін демеушілер іздестіру жұмыстарын жүргізді.
«Нұр Отан» ХДП-ның аймақтық филиалы мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауға үлес қосып, аз қамтылған жанұя балалары А.Гусев пен Д.Поповқа кеңсе тауарларымен жәрдемдесті.
Жалпы оқу қорынан аз қамтылған жанұя балаларына 18 оқушыға киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары алып берілді.
Шағынауданда орналасқан «Богдан», «Светлячок», «Вита», «Оружейный двор», «Бимс», «Дария» дүкендерінің иелері акцияны үнемі қолдап, аз қамтылған жанұя балаларына жан-жақты көмек көрсетіп жүр. Ата-ана О.Строганова 4-сыныпта оқитын екі балаға кеңсе тауарларын сыйға тартты.
№31 мектеп ұжымының «Мектепке жол» акциясын қызу қолдап, жұмыстануының нәтижесінде оқушылар оқу жылына ұйымшылдықпен келіп отыр. Бұл шара балаларды білімге жұмылдырып, оқуға деген қызығушылығын арттыратын бірден-бір дұрыс қадам.

Гүлнафис Нұрқанова,
мектептің әлеуметтік мұғалімі