Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

30.05.2018
Әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2018 жылғы 24 мамырда VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына комиссия төрайымы В.Михно, комиссия мүшелері А.Салиева, Н.Мамедов, Ж.Сафуллин және мәслихат хатшысы А.Әубекеров, Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің басшысы Т.Қайрекеев, Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М. Бекмаганбетов, Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының директоры Қ.Байғаржанов, Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрмұханбетов, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Беркінғали қатысты.

Комиссия отырысында «Орал қалалық  жұмыспен  қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қаламызда жұмыссыздықтың санын  азайту мен тұрғылықты жері жоқ тұлғалардың санын қысқарту бойынша шараларының  жүзеге асырудағы   жұмысы  туралы ақпараты мен  бөлімнің 2018 жылға арналған  жұмыс жоспары», «Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4  «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы», «Орал  қалалық  мәслихатының 2014 жылғы  25   қарашадағы №30-5 «Орал  қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй   көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы», «Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық дене шынықтыру  мен спортты дамыту бойынша жұмысы туралы ақпараты  және 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы», «Орал қаласының «Саламатты қалалар» атты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық жобасына   қосылуы туралы» мәселелері талқыланды.