Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

25.05.2018
Нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2018 жылғы 24 мамырда VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс жұмысына комиссия төрағасы А.Ермекқалиев, комиссия мүшелері В.Власов, С.Давлетжанов және мәслихат хатшысы А.Әубекеров, Орал қ. білім беру бөлімі басшысының орынбасары Б.Пайдина, Желаев селолық округінің әкімі Т.Ашигалиев, Зачаганск кенті әкімі аппаратының бөлім басшысы М.Сахасов және Круглоозерный кенті әкімі аппаратының бөлім басшысы Р.Оразов қатысты. Комиссия отырысында «Орал қаласының кенттері, ауылдық округтері аумағындағы қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімінің жобасы және «Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, бұндай балалардың және ата-ана қамқорлығы жойылуының нақты жағдайларына сүйенiп алғашқы есеп жүргiзу, балаларды орналастыру нысанын таңдау, бұндай жағдай боламағанда - жетiм балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналастыру бойынша білім беру бөлімінің жұмысы туралы» мәселелері талқыланды.