Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

17.05.2018
Экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2018 жылғы 16 мамырда VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс жұмысына комиссия төрағасы М.Қаженов, комиссия мүшелері Л.Рысбекова, А.Әжмағамбет, Л.Хайруллина, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Алпысбаев, қалалық қаржы бөлімінің басшысы Е.Шүкүрғалиев, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы И.Джазыкбаев қатысты. Отырыс барысында «2017 жылға арналған бюджеттің орындалуы жөніндегі Орал қаласы қаржы бөлімінің есебі», «Орал қаласының 2017 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы», «Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмысы бойынша есебі» мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше сұрақтар VI шақырылым Орал қаласы мәслихаты сессиясының қарауына жолданды.