Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

19.06.2018
VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының XXIII сессиясы

2018 жылғы 15 маусымында Орал қаласы әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың қатысуымен VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті.

XXIII сессия жұмысы барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «Орал  қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №17-3 «2018-2020 жылдарға  арналған  қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормаларын бекіту туралы», «Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы», «Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №15-4 «Орал қаласы әкімдігінің мүшелері мен дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Сессия сұрақтары бойынша Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Төлегенова, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы М.Нұртазиев, Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы М.Тлегенов баяндама жасады.