Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

31.05.2018
VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының XXII сессиясы

2018 жылғы 30 мамырында Орал қаласы әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың қатысуымен VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының кезекті XXII сессиясы өтті.

XXII сессия жұмысы барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «Орал қалалық  қаржы бөлімінің 2017 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есебі», «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы қалалық  бюджеттің атқарылуын бақылаудың қорытындысы туралы есебі», «Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4  «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы», «Орал қалалық  мәслихатының 2014 жылғы  25   қарашадағы №30-5 «Орал  қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй   көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы», «Орал қаласының кенттері, ауылдық округі аумағындағы  жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы».

Сессия сұрақтары бойынша қалалық қаржы  бөлімінің басшысы Е.Шүкірғалиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Алпысбаев, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қ.Айтқалиева,  Круглоозерный кентінің әкімі К.Нуршинов баяндама жасады.