Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

02.04.2018
VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының XX сессиясы

2018 жылғы 30 наурызда Орал қаласы әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың қатысуымен VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының кезекті XX сессиясы өтті.

XX сессия жұмысы барысында келесі сұрақтар қарастырылды: «Орал  қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №17-3 «2018-2020 жылдарға  арналған  қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Орал қалалық білім бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есебі», «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ішкі саясат бөлімінің жұмысы туралы»,  «Орал қалалық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерінің қызметін бағалау  әдістемесін бекіту туралы».

Сессия сұрақтары бойынша Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Тулегенова Альмира Мұхитқызы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы, Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы Төремұратова Жанслу Менешқызы баяндама жасады.