Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

25.12.2017
VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының XVIII-ші сессиясы

2017 жылғы 22 желтоқсанда VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының XVIII-ші сессиясы өтті. Мәслихаттың XVIII-ші сессиясы барысында Зашаған, Круглоозерный кенттерінің, Желаев селолық округінің бюджеттері және елді мекендерде жерді аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін айқындау мақсатында Орал қаласында жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) ұсынылып, бекітілді, сонымен қатар, Орал қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қысқы кезеңдегі жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Орал қаласы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратына сәйкес, 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 8,1 млрд. теңге бөлінді, аталған қаражатқа қаланың 67 көшесінің жолын жөндеу жоспарланған (20 нысан КПО қаражаты есебінен). 67 жоспарланған көшесінен ағымдағы жылдың өткен уақытына,  61 көше бойынша жұмыстары аяқталды және бұл көшелер бойымен көлік құралдарының қозғалысы үшін ашылды, 6 көше 2018 жылға өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, Орал қаласының «Нефтебаза» аумағындағы темір жол арқылы жол өткелін және кіреберіс жолдары жабынын қайта құру нысаны бойынша ЖСҚ дайындалуда. Тапсырыс орындаушы «ТС-индустрия» ЖШС. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2018 жылдың наурыз айы. Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен қоғамдық көлігінің сапасын арттыру бойынша бірнеше кезеңнен тұратын концепция жұмыс жүргізілуде: 1-кезең. Қоғамдық көлік маршруттарының  сараптамасын автоматизациялау. 2-кезең. Электронды төлем жүйесін енгізу. (СМС бас). 3-кезең. Маршрутарды оңтайландыру. 4-кезең. Автобус паркін жаңарту.