Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

13.12.2017
Орал қаласы мәслихатының XVII сессиясы

2017 жылғы 12 желтоқсанда Орал қаласының әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың қатысуымен VI сайланған Орал қаласы мәслихатының XVII кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қарастырылды: «Орал қаласының 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау туралы», «Орал қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы», «Орал қаласы Зашаған, Круглоозерный кенттері және  Желаево селолық  округі әкімі аппаратының 2018-2020  жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы», «Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 қаңтардағы №42-2 «2016-2020 жылдарға арналған Орал қаласының даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы», «Орал қаласында сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы», «Орал қалалық мәслихатының  2017 жылғы 24 тамыздағы №15-4 «Орал қаласы әкімдігінің мүшелері мен дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын  беру  туралы». Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - Тулегенова Альмира Мұхитқызы және Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы - Туxфатов Бауржан Зәйденұлы баяндама жасады.

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына, 2009 жылғы 18 тамыздағы №13-9 Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген  «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесінің 10-тармағына сәйкес және Орал қаласы  әкімінің «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысын қарап, Орал қалалық мәслихаты Николай Дүйсенғалиұлы Баймұқашевке, Яхия Киндашұлы Чудровқа, Мерует Жолдықайыроваға және Халам Жұмашұлы Сүйіншалиевке «Орал қаласының  құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.