Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

22.12.2017
Орал қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы

2017 жылғы 14 желтоқсанда VI сайланған Орал қаласы мәслихатының экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясында көшпелі отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері: Рысбекова Ляззат Туяқбайқызы, Сертеков Нуржан Орынғалиұлы, Ажмагамбет Алибек Әлімжанұлы, Хайруллина Лилия Маратовна, сонымен қатар, №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының директоры - Темірғалиев Ерік Жылқыбайұлы, тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары - Мұсағалиев Артур Васильевич, мектеп-гимназияның бас бухгалтері - Алиева Нұржамал Фаруховна. Келесі сұрақ қарастырылды: «Орал қаласының білім ұйымдарында видеобақылау жүйесін орналастыру бойынша бюджеттің атқарылуы туралы».

Орал қаласының білім беру бөлімінің ақпаратына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептерде 1131 бейнебақылау жүйесі, мектепке дейінгі ұйымдарда 427, ал қосымша білім беру ұйымдарында 101 орнатылған. Бұған 57,8 миллион теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 13,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен 17,3 млн. теңге бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдарға 23,1 млн.теңге, 6 қосымша білім беру ұйымдарына республикалық бюджеттен 4,2 млн.теңге бөлінген.

№42 «Ақниет» мектеп-гимназиясында 2017-2018 оқу жылында 1918 оқушы бар және 146 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп ғимаратының көлемі 3,8 мың шаршы метр. Мектепте 46 бейнекамера, оның ішінде 36 бейнекамера мектеп ішінде, ал 10 бейнекамера мектеп сыртында орнатылған. Бұл бейнекамералардың 24-і 2015 жылдың соңына дейін орнатылған. Бұл үшін бюджеттен 1 миллион 291 мың теңге бөлінген. Қызмет көрсетуді «Спецавтоматика» жеке кәсіпорны жүзеге асырады. Жыл сайын ішкі істер департаментімен бейнебақылау камералары тексеріледі.