Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

28.12.2017
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Сіздерді келе жатырған Жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз. Биыл еліміз үшін табысты, қуанышқа толы, жетістігіміз бен жеңістеріміз мол жыл болды. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық бастамасы аясында рухани серпін беретін беделді істеріміз жетерлік және кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі абыроймен өткізілді. Әлемдегі ең беделді көрмелердің бірі болып табылатын бұл шара еліміздің экономикасының, халқымыздың әл-ауқатының өсуінің көрсеткіші болды. Бүгінгі күні, Тәуелсіз Қазақстан – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен дамып келе жатырған Орталық Азияның әлем елдері мойындаған көшбасшысы. Бізде «Қазақстан - 2050» Стратегиясында баяндалған болашаққа апарар нақты бағдар бар.

 

Біздің қаламызда да өтер жылы атқарылған іс көп болды. Қаламызда болып жатырған оң өзгерістер –  біздің  сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың  нәтижесі. Жолдарға күрделі жөндеу жасалды, қаланы абаттандыруда көлемді жұмыстар атқарылды, балалар ойнайтын және спорттық алаңдар салынды. Жүздеген оралдықтар жаңа пәтер иелері атанды. 

Әр жаңа жыл табалдырығында жақсылық пен жағымды жаңалық күтеміз. Ендеше келер жылы сол ойымыздағы арман-тілегіміз жүзеге асып, бақ-берекеміз таси берсін.

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар алып келсін. Еліміздің  келешегі баянды,  ұрпақтарымыз несібелі болсын!

Құрметпен, Орал қаласы мәслихаты депутаттарының атынан мәслихат хатшысы

А.Ү.Әубекеров