Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

29.03.2018
Орал қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2018 жылғы 28 наурызда VI шақырылым Орал қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыста келесі сұрақтар қарастырылды: «Орал  қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №17-3 «2018-2020 жылдарға  арналған  қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Орал қалалық білім бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есебі», «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ішкі саясат бөлімінің жұмысы туралы», «Орал қаласы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген және өтеп жатырған адамдарға әлеуметтік  және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі  консультативтік-кеңесші органның 2017 жылы атқарған қызметі туралы есебі»,  «Орал қалалық мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерінің қызметін бағалау  әдістемесін бекіту туралы».

Аталған сұрақтар бойынша Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Тулегенова Альмира Мұхитқызы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы, Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы Төремұратова Жанслу Менешқызы және Орал қаласы пробация қызметі бөлімінің бастығы Құрманалиев Талғат Серікқалиұлы баяндама жасады.