Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

15.01.2018
Орал қалалық мәслихатының Нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдау

2018 жылғы 12 қаңтар күні сағат 17.00-де №2 мектептің акт залында Орал қалалық мәслихатының Нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдау Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы шағын баққа (сквер) атау беруге тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ұйымдастырылды.

Қоғамдық тыңдауға қатысқандар: Орал қалалық мәслихатының хатшысы – Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров, Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық  мәселелер  және  жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы - Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Қуанышбек Жанболатұлы Мұқанғалиев, қала тұрғындары.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша Ремзавод аумағындағы шағын баққа жаңа «Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшылар» атауын беру ұсынысы халық арасынан қолдау тапты.

Қоғамдық тыңдау Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес қоғамдық тыңдауды өткізу туралы Орал қаласы әкімінің ұсынысына сәйкес ұйымдастырылды.

Осындай қоғамдық тыңдаулар бұдан бұрын «Жұлдыз» шағын ауданында атаусыз 17 көшеге, «Деркөл» ауылындағы 2 шағын ауданға және атаусыз 74 көшеге атау беру бойынша, сонымен қатар, 5-ші шағын ауданға Қадыр Мырза Әлі атындағы шағын аудан және  5-ші шағын аудандағы жаңа алаңға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті алаңы атауын беру бойынша өткізілді.