Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

27.12.2017
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V Заңы,

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде, Орал қалалық мәслихаты, Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауларында:  Орал қаласы Деркөл ауылындағы атауы жоқ 1-ТЖЖ және 24 көшесіне, 2-ТЖЖ және 50 көшесіне, Орал қаласы Жұлдыз шағын ауданындағы – 17 көшеге, Орал қаласындағы 5 шағын ауданға, 5 шағын аудандағы жаңа алаңға, Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы скверге  атаулар беру мәселесі қаралатындығын хабарлайды.  Көпшілік тыңдаулар төмендегідей кестеге сәйкес өтеді:

 

Р/с

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру бойынша көпшілік тыңдаулар

Өтетін күні мен уақыты

Өтетін орны

1.

Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданындағы 17 көшеге атау беру бойынша көпшілік тыңдау

09.01.2018 жыл

сағат 17.00

№37 ЖОББМ

2.

Орал қаласындағы Деркөл ауылындағы 1-ТЖЖ, 24 көше, 2-ТЖЖ, 50 көшеге атау беру бойынша көпшілік тыңдау

10.01.2018 жыл

сағат 17.00

Деркөл мәдени-демалыс орталығы

3.

Орал қаласындағы 5-шағын аудан мен 5-шағын аудандағы жаңа алаңға атау беру бойынша көпшілік тыңдау

11.01.2017 жыл

сағат 17.00

№42 «Ақниет» мектеп-гимназиясы

4.

Орал қаласындағы Ремзавод ауданындағы скверге атау беру бойынша көпшілік тыңдау

12.01.2017 жыл

сағат 17.00

№2 ЖОББМ

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атаулар беруге қатысты ұсыныс-пікірлеріңізбен Орал қаласының әкімдігіне,  Орал қалалық мәслихатына  хабарласуға болады.

Байланыс телефоны: Орал қалалық мәслихаты: 8(7112) 51-28-18

Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 8(7112) 50-79-43