Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

27.12.2017
Орал қаласының мәслихат депутаты Михно В.П. Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Жаңа 2018-ші жыл қарсаңында №17 сайлау округі бойынша Орал қалалық мәслихатының депутаты Михно Валентина Павловна №5, №9 жалпы орта білім беретін мектептеріне барып аз қамтылған отбасы балаларына және мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен қысқы сыртқы киімдерді сыйлады.

Сонымен қатар, депутат Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға сыйлықтар берді және балалар үйіне кітаптар табыстады. Депутаттың округінде тұратын ҰОС ардагерлерінің үйіне барып құттықтаулар ұйымдастырылды. 

Округте 22 желтоқсан күні «Ең үздік аула» және «Ең үздік аула тазалаушы» конкурстарының қорытындысы жарияланған мерекелік шара өтті.  

Жеңімпаздар болып 5 аула атанды. Үйдің жауапты адамдары марапатталды: Ертлеу Раушан  - Строитель ш/а 39 үй;

Любавина Вера Георгиевна —Циолковский көш. 5/1 үй

Головин Александр Евгеньевич —Строитель ш/а 26/1 үй

Лепляева Зоя Григорьевна — Әбілқайырхан 159 үй

Ганенко Вера Ивановна  - Строитель ш/а 19/1 үй

8 аула тазалаушы жеңімпаздар атанды: Кенесарин Ж., Погодаева Н.П., Морозова В.Н., Стапиров В.В., Стапирова Т.Д., Дзыгалова А.Ф., Злобина А.Н., Зиновьева О.В.

Депутат атынан жеңімпаздарға алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.