Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

16.05.2018
Қалалық мәслихат депутаты ПИК төрағаларымен кездесті

2018 жылғы 14 мамыр күні Орал қалалық мәслихатының №11 округ бойынша депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Әнуар Вениаминұлы Мұқатаев өз округіндегі ПИК төрағаларымен кездесті.

Кездесу барысында депутат 6 ай бойынша атқарған жұмысы туралы баяндады және алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. ПИК төрағалары өз тараптарынан аула территорияларын жөндеу, абаттандыру және балалар ойнайтын спорттық алаңдарды жабдықтау сияқты бірқатар мәселелердің шешімін табуға қолдау көрсетуді сұрады.

Осы сияқты кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыру жоспарланған, өйткені өзекті сұрақтардың шешімі бірігіп жұмыс істеген кезде ғана табылатындығы анық.