08.09.2016
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді. Ұлық мереке ағайын арасын жақындатып, көршілерді, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйытып, татулыққа шақырады.

Құрбан айт татулықты басты тірегі еткен Тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Елбасы мерейлі мейрамды Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Парасатты шешім халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді. Құрбан айт – отбасылық мереке. Отбасын шаттыққа бөлеп, ағайын-туыс, көршілерді аралап, жағдайын сұрау – сауапты іс. Айт намазынан кейін құрбан шалып, дастархан басында мәре-сәре күй кешу – ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ежелден келе жатқан игі дәстүр. Мұндай игі амалдар адамдар арасында мейірім, қамқорлық, кешірім, қайыр-шапағат секілді көркем мінез бен жақсы қарым-қатынас қалыптастырады. Бірлікті ту еткен бейбіт заманда осынау дінімізбен біте қайнасқан дәстүрімізді жаңғыртудың сәті.
Құрметті қала тұрғындары! Осы қасиетті күні тілеген ізгі тілектеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңызға береке, ауызбіршілік, мейірім тілеймін! Құрбан айт мүбәрак болсын! 

Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров