Ляна Алексеевна

Тұрсынова

№16 сайлау округі бойынша
қалалық мәслихат депутаты

Л.А.Тұрсынова  1958 жылы 10 мамырда жұмысшы отбасында  дүниеге келген. 1975 жылы Орал қаласының  №23 мектебін бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан АШИ экономика факультетіне түсті. 1981 жылы институтты бітірген соң екі жыл ІІБ жүйесінде жұмыс істеп, 1983 жылы Орал қаласының қоғамдық тамақтану жүйесіне ауысады. 1997 жылдан бастап бүгінггі күнге  дейін Ляна Тұрсынова құрамына мектеп және студенттер асханаларының үлкен желісі, кафе, мейрамханалар кіретін қоғамдық тамақтану жүйесіндегі ірі компанияны құрды. Кәсіби қызметі соңғы жылдары «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер», «Үздік кәсіпкер әйел» сынды көптеген номинациялармен атап өтілді.

Тұрмыста, бір қыз тәрбиелеп отыр.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

Азаматтарды қабылдау орны: айдың әрбір бірінші сенбісі сағ. 15.00-17.00. №44 ЖББМ тел: 54-20-31