Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

Өмiрбаян

Әубекеров Аққали Үмбетқалиұлы      

1963 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов селосында дүниеге келген. 1970 жылы Свердлов орта мектебінің 1-класына барып 1980 жылы орта мектепті аяқтады. 1980 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп 1985 жылы ғалым агроном мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1985 жылдың мамыр айынан 1986 жылдың мамыр айына дейін Свердлов совхозында ферма агрономы болып еңбек жолымды бастап, 1986 жылдың мамыр–тамыз айлары аралығында Жәнібек аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1986 жылдың тамыз айынан 1989 жылдың ақпан айына дейін Свердлов совхозы комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

1989 жылдың ақпан айында Жәнібек аудандық комсомол ұйымының 1-ші хатшысы болып сайланып, 1991 жылдың тамыз айына дейін қызмет атқарды. 1991 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың тамызына дейін аудандық жастар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1993 жылдың тамыз айынан 1996 жылдың сәуір айына дейін Жәнібек кеден бекетінде инспектор, аға инспектор, бас инспектор болып жұмыс жасады. 1996 жылдың сәуір айынан 1997 жылдың қыркүйек айына дейін аудан әкімі аппаратының референті болып қызмет жасады.

1997 жылдың қыркүйек айынан 1998 жылдың мамыр айлары аралығында Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1998 жылдың мамыр айынан  2000 жылдың наурыз айына дейін жеке кәсіппен айналысты. 2000 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың қаңтар айлары аралығында облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, 2005 жылдың қаңтар айынан 2007 жылдың шілде айлары аралығында облыстық құрылыс басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды. 2007 жылдың шілде айынан 2008 жылдың қыркүйек айлары аралығында  жеке кәсіппен айналысты.

2008 жылдың  қыркүйегінен бастап «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында консультант, партиялық бақылау комиссиясының инспекторы, 2012 жылдың мамыр айынан бері облыстық филиал төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2016 жж. - 5 шақырылымдағы  Орал қалалық мәслихатының хатшысы. 2016 жылғы 24 наурыздағы Орал қалалық мәслихатының ұйымдастыру сессиясының №1-3 шешімімен 6 шақырылымдағы Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 
Үйленген, үш баласы бар.