Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

«Орал қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Орал қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Осы «Орал қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрi — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрленген және мәслихат аппаратының құзыретi салаларындағы тыйымдар, шектеулер және рұқсаттар жүйесiн ұсынады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты мәслихат аппараты қызметiнде сыбайлас жемқорлық танытуға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық танытуда құқықтық сауаттылық пен нөлдiк төзiмдiлiктi арттыру болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мiндеттерi:

1) аппарат қызметшiлерiнiң өз құқықтары мен мiндеттерiн атқару кезiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртiбi мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлықты уақытында анықтау және оның жағымсыз салдарының алдын алу;

3) аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт аппарат қызметiнде өз функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде қолданылады;;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты аппараттың барлық қызметшiлерi орындауға мiндеттi;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуына аппараттың барлық қызметшiлерi жауапты.

5. Аппарат қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

6. Мәслихат аппаратының басшысы тоқсан сайынғы негiзде есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10 дейiнгi мерзiмде (егер ақпарат өзге мерзiмде сұратылмаса) мәслихат хатшысына аппарат қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауы туралы ақпаратты ұсынады.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың өзгертiлуi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiледi.

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар аппарат қызметшiлерiнiң қызмет ету саласына байланысты орнатылған ережелердi мүлтiксiз сақтауына және сыбайлас жемқорлық танытуын болдырмауға бағытталған iс-әрекеттерi мен шешiмдерiн анықтайды.

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде;

2) құзыреттер шегiнде басқармалық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде;

3) нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын дайындау кезiнде;

4) саланың ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде қолданылады.

10. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн заңнамамен белгiленген тәртiпте және мерзiмде қарау, олар бойынша тиiстi шараларды қолдану;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдауда айқындықпен қамтамасыз ету;

3) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және өзге тұлғалардың iс-әрекетiне ықпалын тигiзу үшiн қызметтiк жағдайды пайдаланбау;

4) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасы заңдарымен орнатылған шектеулер мен тыйымдарды сақтау.

11. Құзыреттер шегiнде басқармалық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде:

1) мүдделер қайшылығына жол бермеу қажет, олар туындаған жағдайда оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жою бойынша шаралар қолдану;

2) мемлекеттiк қызметшiнiң құзыретiне енетiн шешiмдердi қабылдау кезiнде өзiнiң заңды мiндеттерiмен байланысты ешқандай материалдық игiлiктер, қызметтер мен өзге жеңiлдiктер қабылдамау;

3) өкiлеттiктердi өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асыру;

12. Нормативтiң-құқықтық актiлер жобаларын дайындау кезiнде:

1) егер мазмұны азаматтардың құқығы мен бостандығына қатысты болса, нормативтiк-құқықтық актiлердi алдын ала қоғамдық талқылаудан өткiзбей әзiрлеуге және қабылдауға жол бермеу;

2) нормативтiк-құқықтық актiлердi өзi немесе үшiншi тұлғалар үшiн пайда табу мақсатымен қабылдауға жол бермеу керек.

13. Сала ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде:

1) мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн, мемлекеттiк органдардың қызмет ету тиiмдiлiгiне кедергi келтiретiн немесе төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұру;

2) заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған терiс қылықтар және өзге заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

3) iскерлiк этикеттi және ресми тәртiп ережелерiн сақтау қажет.

14. Жетекшiлiк ететiн салаларда сыбайлас жемқорлық фактiлерiмен қақтығысу кезiндегi мәслихат аппараты қызметшiлерiнiң әрекеттерi:

1) егер мемлекеттiк қызметшi сыбайлас жемқорлық бұзушылық туралы ақпаратпен хабардар болса, ол осындай заң бұзушылықты жою және тоқтату бойынша қажеттi шаралар қолдануы керек, соның iшiнде тез арада жазбаша түрде жоғарыда тұрған басшысын, жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығын, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;

2) сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi тез арада жазбаша түрде көрсетiлген тұлғалар мен органдарды оны өзге тұлғалармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа иiлдiру жағдайлары туралы хабардар етуге мiндеттi.