Цвет сайта

A

a


18.04.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімді қолдау бойынша Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімі талқыланған Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста қаламыздың тұрғындарының басым көпшілігі осы шешімді қолдайтындығы және кезектен тыс сайлауды өткізу қоғамдағы тұрақтылықты, елдегі ұлтаралық келісімді сақтайтындығы туралы атап өтілді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.А.Нұрбаев өз сөзінде кезектен тыссайлауды өткізу стратегилық тұрғыдан дұрыс екендігін және осылайша айқынсыздық кезеңі қысқартылатындығы туралы көпшіліктің ойын жеткізді. Б.А.Нұрбаев: «Елге халық сайлаған мемлекет басшысы керек. Кезектентыс сайлау бізге президенттің уақытша мәртебесінің екі мәнділігін жоюғажәне өзіміз сенім артқан адамды сайлауға мүмкіндік береді. Сайлау жаңаруға және «билік-халық» қарым-қатынасының жүйесін өзгерістертуге үміт береді.Елді дамудың жаңа деңгейіне өткізетін басшылар келуі тиіс». Пікірталасқа қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайтындары туралы айтты. Барлық сөйлеушілердің сөзін қортындылай отырып, Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Ү.Әубекеров қаламыздың барлық тұрғындарын өздерніңі азаматтық борыштарын өтей отырып, 9 маусым күні болатын Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

Сауалнама

Мәслихат депутатының жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болады?